Эссе
1-наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді. Бұл мереке Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл үшінші рет атап өтіледі. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.
Президент Алғыс айту күні туралы: "Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", – деген болатын.
Елімізде 140 - дан астам өзге ұлт өкілдері бір үйдің баласындай өмір сүріп жатыр.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет.
Мен үшін алғыс айту күні ерекше деп есептеймін. Себебі, бұл күні барша адамзат баласы бір-біріне жақсы ойларын, ізгі ниеттерін, алғыстарын білдіреді.
1-наурыз көктемнің алғашқы күні. Әрбір жандар үшін көктемнің сұлу келбеті мен әдемі көрінісі көздің жауын алады.Алғыс айтуда шынайы айтқан адам, көп жақсылыққа кенеледі. Адамдар жақсылық жасаудан бөлек тілектері мен алғыстарын айту қажет.Кез-келген уақытта әр мүмкіндікті жіберіп алмай бағалау керек. Сондықтан ,алғысын білдіретін жандар бақытқа жетеді. Алғыс білдіруден жалықпаған адамзат баласы биік армандарға ,асыл мұратқа жетеді.
Джуванышева Калия 8 "Г"