ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!

Бұл мереке – ерекше. Олай дейтінім, осы күнге жетіп, бейбіт өмір сүріп отырғанымыз, әр таңымызды күлімдеп қарсы алатынымыз, сонымен қатар, мектепке келіп, білім алатындығымыз – осы күннің жемісі.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды тамаша мерекемізбен құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін. Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

6 "Г" сынып оқушысы Еркебай Лилия

Опубликовано: 15 Декабря, 2017 06:48, Просмотров: 1624