26 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Президент – ел тірегі«Қазіргі заман – өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы – бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет - ақ. Шеберлігінің кілті – отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы – тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Шебер қаламгер болсам, қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар тұңғыш президент және Қазақстан жайында көп ой толғар едім. "Сөз маржаны"факультативінің мүшесі, 11"Б" сынып оқушысы Абидова Зиеда
Опубликовано: 28 Ноября, 2017 04:13, Просмотров: 1521
|