Латын алфавиті және Қазақстан

2017 жылдың қараша айының 23 күні № 40 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джумажанова Нұржамал Актаевнаның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына «Латын алфавиті және Қазақстан» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. 

Іс-шараның мақсаты  - латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Оқушылар іс-шара барысында латын әліпбиін үйренудің жолдарын, тиімді-тиімсіз жақтарын  талқылады. Қазіргі таңдағы өзекті деген сұрақтарды ортаға салды. Мысалы, Латын әліпбиіне көшудің себептері неде? Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар? Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады? Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің? Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін? Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?
Оқушылар іс-шарада біршама мағұлматтар алды. Қозғалған ауқымды мәселе сыни тұрғыдан ойлатпай қоймады. Бір қуантатыны, оқушылар бұл бағдарламаға селқостықпен қараған жоқ, керісінше, өз пікірлерін айтып, бірі келісіп, бірі келіспей жатты.
Басты қатыратын басты мәселенің мардымды шешу жолын жұмылған жұдырықтай бірлескен күйде шешеміз деген ойдамыз.

                                                               Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

Опубликовано: 27 Ноября, 2017 03:55, Просмотров: 1404