Мерейің үстем болсын, алтын ұя гимназиям!

«Мектеп  - кеме, білім - теңіз» дегендей гимназиямыз сан жылдар бойы мыңдаған ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Бүгінгі таңда №40 гимназияның қарқынды жұмыс істеп, талай түлекті аттандырғанына 36 жыл толып отыр.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық » деп бекер айтылмаған. Той басталмай-ақ   ұстаздар қауымы мен оқушылар үлкен дайындықты бастап, мерейлі мектептерінің мерейтойын тойлауға жұдырықты жұмылдыра кіріскен. Оқушылар әр түрлі іс-шараларға қатысып, гимназия жайлы газеттер шығарды.
28 қазан күні мәжіліс залында гимназия туған күніне арналған мерекелік кеш өткізілді. Концертке мұғалімдер мен қоса оқушылар да толық қатысты. Мерекелік кеш мектеп басшысы А.А.Гибнердің құттықтау сөзімен басталды. Кеш барысында оқушылар гимназияның тарихи жетістіктерін айта отырып, бар өнерлерін салып, бұлбұлша сайрап ән де айтты, мың бұралып би де билеп, әзілдер де көрсетілді. Мереке оқушылардың  гимназияның гимнін айтуымен аяқталды.
Жыл сайын гимназиямыз қанша  түлекті қанат қақтырып, оларға дүние өз кетігін тапқан бір кірпіш болып қалануын тілеп қалуда.Сондай түлектер өз еліміздің ғана емес, өзге көрші мемлекеттерде де атағы жер жарған жоғары оқу орындарына түсіп, өмірден өз орындарын тауып жатқаны да мәлім.  

Олай болса,  мен де өзімнің Алтын ұя гимназиямды бүгінгі мерекесімен құттықтап, мерейің үстем болып, атағың қашанда шарықтап, көптеген жемісіңнің куәгері болайын дегім келеді.

Арыстанбек Эльнура 6-сынып

 

Опубликовано: 30 Октября, 2017 03:50, Просмотров: 1177