26 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
21 ғасыр көшбасшы15.05.2017 күні №40 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есеналиева Шолпан Аманқұлқызының жетекшілігімен 6-сыныптар арасында қазақ тілінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы»атты зияткерлік сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыстың мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Сайысқа 6 ойыншы қатысты. Олар:
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы 5 асудан тұрды. 1 тур. Бәйге Сайыс барысында көрермендер мен сайыскерлер үшін концерттік нөмірлер де ұйымдастырылған. 6-сыныптар арасында өзінің ерекше дауысымен көзге түсетін Лукаш Вероника «Туған ел» әнімен тербетсе, флейтада «Қамажай» әуенін ойнап Ким Альбина барлығын билетті. 1-турда сайыскерлер 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап берді. Жеңімпазды марапаттау үшін директордың орынбасары Тельгазиева Айнұр Бостанбекқызы шығып, жас сайыскерлерге өзінің ізгі тілектерін білдірді.
Опубликовано: 21 Мая, 2017 05:04, Просмотров: 1289
|