20 Апреля, 2025
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Ертегі мақала
2 «Б » сыныбы «Жыл басы кім болады?» ертегісімен фестивальді ашса, 3 «А» сыныбы «Алдар көсе» ертегісімен көрермендерді бір күлдіріп алды. Ал 2 «Е» сыныбы өздерінің асқан әртістік қабілеттерін «Бауырсақ» ертегісі арқылы көрсете білді. 3 «Д» сыныбының орындауындағы «Дос іздеген бота» ертегісі оқушыларға музыкалық көркемдеуі арқылы шын достық туралы барынша баяндап берді. Барлығын әнмен шаттандырған «Қызыл телпек» ертегісін 4 «Г» сыныбы қойды. Соңында 4 «Б» сыныбы сиқыр мен сырға толы «Сиқырлы тас» ертегісімен фестивальді аяқтады. Бір сәтке болса да ертегілер әлеміне саяхат жасатқан бастауыш мұғалімдері мен қатысушы сыныптарға рахмет. Балалық пен қиял қатар жүреді. Сол бақытты балалық шақты мейілінше қызықты, есте қаларлықтай етіп өткізуге баршамыз ат салысайық!
Опубликовано: 21 Мая, 2017 05:00, Просмотров: 867
|