Мақала

2016 жылғы 20 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназияда Ұлы ағартушы-педагог, көрнекті жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  «Ыбырай – қазақ халқының сөнбес шырағы»  атты қалалық  «Ыбырай оқулары» байқауы өтті. 

             «Кел, балалар, оқылық!»  бөлімі бойынша ақын шығармаларын жаттау сайысында №40 гимназияның 7 «Г» сынып оқушысы Боранкулов Адил 3-орын, «Қазақ халқының Ұлы перзенті» бөлімі бойынша өз туындыларын оқу сайысында 6 «Г» сынып оқушысы Машаров Алдияр 3-орын, «Ы.Алтынсарин ағартушы, педагог, қоғам қайраткері» бөлімі бойынша  тұсаукесер (презентация) дайындау сайысында 11 «А» сынып оқушысы Мельникова Милена 1-орын, «Қалдырған ізің мәңгілік» бөлімі бойынша ЭССЕ жазу сайысында 10 «Б» сынып оқушысы Орманова Адина 3-орын алды.

            №40 гимназияның оқушылары барлық бөлім бойынша жүлделі орын алып, олжалы қайтты.

Опубликовано: 10 Ноября, 2016 11:21, Просмотров: 421