Семинар

2016 жылдың 15 наурызы күні гимназиямыздың  қабырғасында
«Оқыту қазақ тілінде емес мектептердің  1-11 сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен  оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысындағы мұғалімдердің  іс-тәжірибесі бойынша  семинар-практикум» өтті.   

Семинардың мақсаты -  «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен  оқу-әдістемелік кешендерімен таныстыру. Семинарға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институты қазақ тілі мен әдебиеті білім зертханасының меңгерушісі                                       Қ.А. Рахымжанов,  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі  Ш.А.Усерова,  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  әдіскері Бекназарова Л.Х. , Тараз қаласы білім  бөлімінің әдіскері  Шеримова Г. Ж.  қатысты.

Семинар барысында біздің гимназия мұғалімдері, атап айтқанда Г.М.Кенжетаева, А.Б.Телғазиева, М.И.Қобландина шеберлік сыныптар өткізсе, Ж.Б.Бабашева (10 сыныпта), Ш.А.Есеналиева (5 сыныпта) Ғ.Т.Алтынбаева (4 сыныпта) ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, гимназиямыздың мұғалімдері: А.Б.Телғазиева, Ш.А.Есеналиева және С.С.Аманжолова семинарда деңгейлік оқулықтардың қолдану барысы туралы баяндамалар жасады.  Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

  

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы. 

Опубликовано: 19 Марта, 2016 06:27, Просмотров: 504