26 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ»«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Бірақ тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Кеше ғана біз тарихымыздың, Қазақ хандығының 550 жылдығын дүрілдетіп атап өттік. Иә, кешегі Керей мен әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Әрине бұл тұста 1986 жылғы Желтоқсанның жалынды жастары туралы айтпай өтуге болмайды, өйткені тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғарымен алды. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Сол жастар ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының бастауы болатын. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқығын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. Асыл текті, алмас тілді бабалардың арманы бүгінгі бейбіт күнге дейін жеткізіп, Мәңгілік елге айналдық. Бұл – біз үшін ең қымбат асыл дүние. Осы еркіндікті, шындыққа айналған асқақ арманды, ерлік пен елдікті сақтау біздің парызымыз. Есеналиева Ш.А.
Опубликовано: 12 Декабря, 2015 03:25, Просмотров: 1448
|