18 Апреля, 2025
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба және Әнұран екені баршамызға мәлім. Сол рәміздердің бірі – Қазақстан Республикасының Әнұранын үздік орындау байқауы № 40 гимназияда 5 желтоқсан күні өтті. Гимназия мұғалімдері әнұранды жоғары деңгейде айтты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: І орынды Есимова Г.Т., Телғазиева А.Б. және Султангалиева М.Т. жетекшілігіндегі топ иеленді. ІІ жүлделі орынды Кубенова А.Т. Байбекова М.К., Қобландина М.И. және жетекшілігіндегі топтар иеленді. ІІІ жүлделі орынды Кульжанова З.С., Джумажанова Н.А. мен Умиркулова Г.А., Идрисова Э.И. мен Есеналиева Ш.А. жетекшілігіндегі топтар иеленді. Есеналиева Ш.А.
Опубликовано: 7 Декабря, 2015 11:32, Просмотров: 971
|