20 Апреля, 2025
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы»
- Сәлеметсіз бе! - Сәлеметсің бе! - Байқауға дайындық жұмыстарына қанша уақыт жұмсадыңыз? - Екі апта көлемінде. - Байқау қалай өткендігі туралы айтып беріңізші. - Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде 17 қатысушы болды және байқау № 5 орта мектепте өтті. Ал екінші кезеңде 12 қатысушы болып, ол № 6 орта мектеп базасында өтті. - Екі кезеңде қандай тапсырмалар болды? - Бірінші кезеңде біз электронды оқулық пен авторлық бағдарлама жасадық, ал екінші кезеңде мен алтыншы сынып оқушыларымен сабақ өткізіп, өз портфолиомды әділ қазылар алқасына ұсындым. - Бірінші орын алғаныңызды білген кезде сіз қандай сезімде болдыңыз? - Қуаныш, бақыт, себебі бұл тек менің ғана емес, жалпы мектептің жеңісі емес пе? - Біз де сіз үшін қуаныштымыз. Сізге алдағы уақытта сәттілік тілейміз. Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет! - Рахмет! Кенжаева Зарина, 6Г сынып.
Опубликовано: 3 Января, 2014 05:04, Просмотров: 1137
|