25 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
«Большая перемена» газетіндегі мақалалар байқауының жеңімпазы, 8 Б сыныбының оқушысы Дъяченко Авелинаның үздік шығармашылық жұмысы.«Ұстаздық еткен жалықпас» Ұстаз болу – баланың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Оларды өмірге дайындау, жақсыға жақындату, жаманнан алыстату, шындықты ұғындыру. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны білесің» - деген даналық бар. Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу – ұзтаз парызы. Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз деген – өз уақытын аямаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жан. Ғылым иесі – ғалымда, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкерде бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Мектеп қабырғасын аттағанда, ешнәрседен хабары жоқ, әке – шешесіне еркелеп өскен, мына біздерді, 11 жыл ішінде саналы, білімді, тәрбиелі, мәдениетті азамат етіп өсуімізге еңбектері сіңген біздің ұстаздарымыз. Олар біздің еркелігімізді көтеріп, шынайы дос бола білуді, кешіре білуді, үлкенді сыйлай білуді, сыныптастарымызбен санаса білуді, елімізді сүйуді,туған жерімізді қадірлеуді үйретеді. Ұстаз, біз туралы, ата – анамыздан да көп біледі, өйткені біз уақытымыздың тең жартысын мектепте өткіземіз. Біздің мінез – құлқымызға қарап, қызығушылығымызды байқап болашағымызды да болжай алады. Буддизм дінінде ұстазды ренжіту, күнәлардың ең ауыры болып саналады. Өйткені ұстаз бар білгенін шәкірттеріне үйретіп, бар өмірін соларға арнайды. Шәкірттерінің жетістіктерін мақтан тұтатын, қателіктеріне қынжылатын да ұстаз. Ұстаздың бар байлығы, олардың шәкірттері. «Туысында қанша зеректік болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді» - деп жазды Мыржақып Дулатов. Ұстаздың, біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Біз оларға өмір бақи қарыздар болып өтеміз.
Опубликовано: 4 Октября, 2013 07:37, Просмотров: 899
|