«Тіл – татулық тірегі»

«Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе».

С.Мұқанов

23 қыркүйекте қалалық Мәдениет үйінде, Қазақстан халқы тілдері күніне арналған фестиваль «Тіл – татулық тірегі» атты ұранмен өтті. Қаланың алты гимназиясы осы іс-шараға қатысты.

            Біздің мектептен 10-11 сынып оқушыларынан құралған команда қатысты. Олар: Тегай Ариана, Ким Светлана, Ким Дарья, Ким Карина, Цой Оксана, Вонгай Анна. Қыздар сахнада корей халқының салт-дәстүрлерін көрсетті және фистиваль бойына тек қазақ тілінде сөйледі.

Іс – шара үш кезеңде өтті:

1 кезең. Команданы ана тілінде және мемлекеттік тілде таныстыру.

2 кезең. Корей халқы дәстүрлерінің бірін қазақ тілінде айту және көрсету.

3 кезең. Музыкалық номер. Қатысушылар корей халқының биін орындады.

Нәтижесінде біздің команда 3-ші орын иеленді. Біз өз командамыз үшін өте қуаныштымыз және келешекте олардың бұдан да биік шыңдардан көріне берулеріне шын ниетпен тілек білдіреміз.

Ал қатысушыларды фестивальға дайындаған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері        

Г.Б. Ахментаева мен Ж.Б. Бабашева және гимназияның хореографы Ким Н.Г.

Тегай Ариана, 11 класс.

Опубликовано: 27 Сентября, 2013 04:28, Просмотров: 1109