Қазақтың ұлы Абайы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. Міне, осы тұста біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалып­тастырамыз десек, Абайдың шығар­маларын мұқият оқуымыз керек.

      Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы. Сондықтан да біз осы мақсатта Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Қазақтың ұлы Абайы" атты мектепішілік оқушылар арасындағы презентация байқауын өткіздік. Байқау 5-10 сынып оқушылар арасында өтті.
      Әр сыныптан 1 оқушы қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты: қазақ халқының рухани тұтастығы қалыптасқан Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, ұлы ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыруды көздедік. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға төмендегі тақырыптар ұсынылды:
5 сыныптар - "Абайдың лирикалық өлеңдері"
6 сыныптар - "Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні"
7 сыныптар - "Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігі"
8 сыныптар - "Абай - қара сөз шебері"
9 сыныптар - "Ақиқаттың дариясынан терген маржан" (Абайдың поэмалары)
10 сыныптар- "Құлақтан кіріп, бойды алар. Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар. Әнді сүйсең, менше сүй" (Абайдың әндері).
Сондай-ақ презентация байқауында төмендегі бағалау критерийлері ескерілді: слайд саны 8-10; рәсімделуі эстетикалық талапқа сай болуы керек; таныстырылым тақырыпқа сай, мазмұнды, дәлелді болу керек; сахна мәдениетін ұстауы; регламент 5-7 минуттан аспау керек;қазақ пен өзге ұлт өкілдері тең дәрежеде бағаланады.
Байқау жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар берілген критерийлерге сай презентацияны қорғап шықты. Өзіндік ой пікірлерін айта білді.
5-7 сынып оқушылар арасында:
Бас жүлде - Мұратқызы Мадина 5"Д"
1 орын - Жұмағали Алина 5"Д"
2 орын - Аманжолова Алуа 6"Г"; Оңғар Аяжан 7"А"
3 орын- Уәли Гаухар 5"Е"; Илебай Ақжібек 6"В"; Жазылбек Қарақат 6"Ж"; Осипова Анастасия 7"Г"
8-10 сынып оқушылар арасында:
Бас жүлде - Еркебай Лилия 8"В"
1 орын - Баймерек Әлібек 9"В"
2 орын - Шарманова Ажар 10"А"
3 орын - Аманжан Зарема 8"Г"; Даулбаева Дариға 10"В"
      Демек, Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Сондықтан біз келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғастыруымыз керек. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Демек, біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аубекова Нұргүл Жексенбекқызы

 

Опубликовано: 24 Марта, 2020 06:30, Просмотров: 9007