Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.

Мемлекет басшысы елдің  тұрақты дамуы мен өркендеуінің сенімді кепілі болып табылады. Бүтіндей бір мемлекетті басқарып, халықтың біртұтастығын сақтап, әл-ауқатын жақсартып, өзге ел құрмет тұтып, тең санар жағдайға жеткізу - әр басшының қолынан келе бермес іс. 

Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына жиырма жылдан асты. Тарихи өлшеммен алғанда бұл аз ғана уақыт. Бірақ адам ғұмырымен саралағанда жиырма жас - жалындаған жастық шақ екені анық. Жастықтың алдында бағындырар белестері, асқар тауы көп, мақсаты айқын, міндеті де зор. Қазақстанның халықаралық аре­надағы қазіргі мәртебесі осындай өлшемдермен бағаланып келеді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында біз іргелі ел болып, әлем таныған Қазақ еліне айналдық. Қазақ халқы барымызды бағалап, қанағат тұтқан елміз. «Ханның жақсы болмағы – қарашаның елдігі» деп Бұқар жырау айтқандай, халқымыздың Елбасына деген сенімі мен ықыласының арқасы көргенді ел атануға, бабалар аманатын орындауға себеп болды.

 Қазақстанның тәуелсіздігі өзінен-өзі келе қойған жоқ. Орасан еңбек, өлшеусіз қажыр-қайрат жұмсалды. Әсіресе, ата-бабамыздың аңсаған арманына қол жеткізу үшін Елбасының атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Ендеше, бүгінгі кездегі Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін мемлекетті бес саусағындай игере білген басшының жетекшілігі керек екені анық. Президенттің атқарар жұмысы, алға қойған өзіндік мақсаты айқын. Қазақтың рухани деңгейі, парасат-пайымы биік, көңілі дархан, пейілі кең. Қазақ үшін қара бастың қамын ғана күйттейтін сана түсініксіз. Кезінде еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясын Еуропа елдері іліп әкеткені белгілі. Ал ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемде жалғыз мемлекет болып, Қазақстанның өзгелерге үлгі болған тұстары да көп. Елбасының жаһандық жаңашыл бағыттағы жобаларды бас­тама жасайтыны осыдан.Ұлттық рухты әлемге үлгі қылатын бір тұлға болса, сол Елбасы деп білеміз. Біз – ұлттық міндеті берік, ұлттық рухы жаңарған елміз.

Елдің ішкі бағдарын сараласақ, еліміз 2020 жылға дейін стратегиялық индустриялды-инновациялық даму мақсатын қойып отыр. Қазақстан саяси және экономикалық  дұрыс шешімдер  табуға, әлемдік державалар бәсекелестігінде халық қалауын сақтап қалуға мүмкіндік алды. Ел тұрғындарының жағдайын жақсартылуына, адам құқығын қорғап, әлеуметтік әділдік орнатуға, ұлтаралық қатынас пен бірлікті сақталуына талпынған жас мемлекетіміздің атқарған шаралары әлемнің барша елдерінің қолдауына ие болды. 

Шотбакова Аяна

№40 гимназия, 8-сынып.

Опубликовано: 8 Февраля, 2013 03:26, Просмотров: 1570