Қалалың сайында 3 орынға не болған 11В сынып оқушысының, Амангельдиев Сұлтанның «Ауылым – алтын бесігім» шығармасы.

Ауылым – алтын бесігім

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім,




Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі.

Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді.

Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарызармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім.

Осынша сұлұлыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлер әрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шалдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күкі-жігерін, төгелген тері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім – алтын бесігім деп туған елді көркейтуде  аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді.

Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жузден астам ұлт өкілдері тұрады.Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде деп түсінемін. Елімнің тарихында бұрын соңды блмаған саясы, әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістітердің бірінен соң біріне қол жеткізіп жатыр.  Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Ол дүние жүзінің көптеген елдері                                                                     мен достық байланыс орнатты. ТМД, БҰҰ ұғымдарына мүше болып, дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды.

Еліміз үшін жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Өзіміздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихимызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде – Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның, Әнұраның жөні бөлек. 1998 жылы 10 масым күні жаңа Астана дүние жүзіне таныстырылды.

Бугін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылыжағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздың ұстанған саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»  демекші бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз.

Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз

Бірінші ұланғайыр жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Соңдықтан да менің құрбыларым өте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс.

Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қанаіскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең-байтақ Қазақстанымды сүйемін.

Адам асқар арманына халқын, тілін, Отанын туған жерін шынайы сүйсе ғанақолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсызөмір сүруі үшін ең керегі – бейбітішілік.

Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, зоғып зорға жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз,қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік  борышымыз. Көгілдір аспанымызды соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бурын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат, еркін, бейбіт өмір келсе екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен.

Біздің қазақ  елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейтіп, біз сенілді жастар елінің кекркгіне жарап, кірпіш болып қаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді.

Опубликовано: 7 Ноября, 2011 09:15, Просмотров: 43933