Тұғырлы Тәуелсіздікке 28 жыл!

Өткен күннен алыс жоқ,
Келер күннен жақын жоқ

    Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 28 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
    Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.

     Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
     Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент. Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!
     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай желтоқсан айының 11 күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
1-4 сынып оқушылары арасында:
Қазақ балалары:
І - орын: Ибраимов Абдижан 4"Д"
ІІ - орын: Серікбай Алинұр 1"Б"; Асқар Даниял 3"Ж"
ІІІ - орын: Нұрұллаева Нұрлы 2"Г"; Ержан Іңкәр 2"Е"; Кенжетай Бибімәриям 3"Б"; Жақсыбек Каусар 3"Ж"
Өзге ұлт өкілдері:
І - орын: Хромова Полина 1"Б"
ІІ - орын: Исмазова Сафина 4"Г"; Зейфман Никита 2"Г"
ІІІ - орын: Сорокина Анастасия 4"В"; Решетниченко Злата 3"Д"; Студенцов Никита 3"Б"; Күмісбек Сымбат 4"В"
5-7 сынып оқушылары арасында:
Қазақ балалары:
І - орын: Бекмағанбетов Демирхан 5"Д"
ІІ - орын: Жоламан Данабек 7"В"; Мухамеджанова Виктория 6"А"
ІІІ - орын: Керімхан Аружан 6"Д "; Паримбеков Амиржан 5"Ж "; Оңғар Аяжан 7"А"
Өзге ұлт өкілдері:
І - орын: Ланг Ксения 5"Д"
ІІ - орын: Кичигина Александра 6"А"; Исак Айлин 5"Д"
ІІІ - орын: Безносов Алексей 7"А"; Прокопов Никита 7"Д"; Юсупов Марсель 6"Д"
8-11 сынып оқушылары арасында:
Қазақ балалары:
І - орын: Асқарова Іңкәр 9"Б"
ІІ - орын: Арыстанбек Эльнура 8"В"
Өзге ұлт өкілдері:
І - орын: Ажен Амир 8"В"
ІІ - орын: Гричаная Валерия 10"Г"; Кнауб Анастасия 8 "Г"
ІІІ - орын: Ким Катя 10"Б"

Іс - шараны ұйымдастырып, өткізген:
 Кубенова А.Т., Ордабекова А.М., Кемелбекова Б.А.

Опубликовано: 14 Декабря, 2019 04:12, Просмотров: 9258