ТІЛ АЛАҢЫ! МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН

Қазан айының 19-21 аралығында 40 гимназияда ағылшын тілі мен қазақ тілі әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен "Тіл алаңы" өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы үш күн аралығында түрлі форматта сабақтар мен қызықты тапсырмалар, тренингтер жасады.

     Атап айтқанда, 19.10.2018 күні Есимова Г.Т. мен Ордабекова А.М. ұйымдастыруымен "Дастархан кафесі" атты сабақ өтті. Онда оқушылар қазақ тілінде тағам мәзірін жасап, оны таныстырды. Алғашында олар топқа бөлініп, әртүрлі тағам түрлерін дайындады. Тапсырма орындаған сайын ұпайлар беріліп отырды. Қорытынды ретінде қазақтың ұлттық тағамы "Етті" дайындап, оның құрамы мен пайдасын да атап өтті.
     20.10.2018 күні оқушыларға "Тапсырмалар аялдамасы" тақырыбында Квест дайындалды. Ұйымдастырған мұғалімдер: Раймқұлова А.А., Алтынбекова М.Ж. Оқушылар сабақ барысында әртүрлі кабинеттерде, әр жерде жасырылған тапсырмаларды тауып орындау арқылы ұпайлар жинады. Соңында қорытынды шығару мақсатында оқушыларға кері байланыс жүргізілді.
     21.10.2018 күні Идрисова Э.И. мен Кемелбекова Б.А. оқушыларға "Қазақ тілін ән арқылы үйрету" сабағын жүргізді. Онда оқушылар әр кабинетте әуенді тыңдап, қолдарында бар ән мәтіндерінің ішінен сәйкесін тауып, тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында оқушылар қазақша 3 ән үйреніп, жай үйреніп қоймай, бірге шырқап көңілді тарқасты. Бұл күні де тапсырмалар орындалғандығына байланысты ұпайлар беріліп отырды.
Тапсырмалар мақсаты оқушыларды сөйлету болғандықтан, барлығы ауызшаға бағытталды. Қатысушылардың қызығушылықтары өте жоғары деңгейде болды.
     22.10.2018 күні барлық күндердің шешімі ретінде 3 күн бойы жинаған ұпайлар саналып, жеңімпаз топ анықталды. Сонымен қатар, сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Опубликовано: 6 Ноября, 2018 06:03, Просмотров: 5008