ГҮЛДЕ, ГИМНАЗИЯ!

     Менің ұстаздық өмірге қызығушылығым мен қиындықты жеңе білуге деген құлшынысымды оята білген, сан ой арасында сенделіп жүрген студентті саналы да сапалы маман иесі болуға тәрбиелейтін, жүзін ұстамақ тұрмақ, қарап-ақ тіліп кетер талаптарына бейімдеген, қанға сіңген қыңырлау мінезімді қатал ережелерге мойынсұндырған, мұғалімдіктің басқа мектептептерде жоқ "мейізін" ұсынған, озық мұғалімдерді ордасына шоғырландырған гимназиямды мерей тойымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

     Тарих тармақтарында ойып тұрып таңба қалдырған бұл білім ұясынан қанша талант иелері мен талап тасушылар ұшып шықты. Ана-бүркіт кейіптегі келешегін күңірене де, күлімдей де елестете алатын, балапандарының амандығын тілейтін, жетістігіне куә болып жүзі жылынып, жүрегі жарылатын, тек биік шыңдар мен бұлттар арасында талмай ұшатын, көреалмаушылық пен көрсеқызарлардан іргесін аулақ ұстайтын мектебім ешқашан құлдиламасын! Керісінше, қанатын кеңге жайып, саналы да сапалы мамандарды, ақылды да абыройлы балапандарды өз ұясынан жетілдіріп самғата берсін!

ЖҮЗ  ЖАСАСЫН!

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Раймкулова А.А.

Опубликовано: 25 Октября, 2018 04:56, Просмотров: 5743