Ұстаз, ұстаз!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусыллмайтын жылылық.
Әл Фараби, Ыбырай мен Ақаңды,
Осы сөз, ой бізге қойған ұлы ғып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

Құрметті де, аса ардақты 40-гимназия ұстаздары сіздерді қазан айында аталып өтілетін төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!  Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. "Мектептің жүрегі", " Бала жанының бағбаны", "Адам жанының дәрігері"... Иә, бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Өмірәлиева Д.Т.

Опубликовано: 5 Октября, 2018 05:11, Просмотров: 4913