Мемлекеттік тіл-мақтанышым

Мемлекеттік тілді білу әрбір Отанын сүйетін азамат үшін мақтаныш болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді меңгеруге барлық жағдай жасалған. Біздің гимназиямызда да мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйрету мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде.

Ең атаулы іс-шара 26 мамыр күні өтті. Атап айтқанда, осы күні өзге ұлт өкілдері мұғалімдері арасында "Қазақ тілінің білгірлері" байқауы тамашаланды. Тіл сайысын өткізудегі мақсат басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру болды.
Байқауға үш мұғалім қатысты. Олар: Шарифуллина Лилия Ришатовна-ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Тарасова Антонина Сергееевна-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Фирсов Анатолий Андреевич-музыка пәнінің мұғалімі.Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
"Сәлем-сөздің анасы" кезеңі. Бұл кезеңде сайыскерлер өздерін таныстырды. Мұғалімдер  фотоколлаж ұсынып,өздерін таныстырып шықты. Үш қатысушы да өздерін жоғары деңгейде таныстырды.
"Жүзден жүйрік" кезеңі. Мұнда сайыскерлер викториналық сұрақтарға жауап берді. Әр сайыскер үш сұраққа жауап берді. Сұрақтардың барлығы Қазақстанның айтулы оқиғаларына қатыссты болды. Сайыскерлер сұрақтарға мүдірместен жауап берді.
"Білгенге маржан" кезеңі. "Тараз қаласының ескерткіштері, тұмарлары" тақырыбында таныстырылымдарын қорғады. Тарасова Антонина Сергеевна Бауыржан Момышұлының ескерткіші туралы айтса, Шарифуллина Лилия Ришатовна Айша Бибі кесенесі туралы айтты. Таныстырылымдары көңіл тоярлықтай болды.
"Өнерлі өрге жүзер" кезеңі. Бұл кезеңде әр сайыскер өз өнерін көрсетті. Фирсов Анатолий Андреевич әсем әуенді ән шырқаса, қалған екі сайыскер Отан туралы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Бұл кезеңде де сайыскерлер өздерінің күштілігін көрсетті.
Әр байқаудың өз жеңімпаздары бар дегендей, бұл байқаудың да өз жұлдыздары жанды. Байқау соңында әділқазылар мүшелері сөз алып, сайыскерлерді сайыс нәтижесімен таныстырды.Сайыс нәтижесі төмендегідей болды:

1 - орын иегері - Шарифуллина Лилия Ришатовна.
2 - орын иегері - Тарасова Антонина Сергеевна.
3 - орын иегері -  Фирсов Анатолий Андреевич.

Байқау осындай көрсеткішпен аяқталды.Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған байқау өз мақсатына жетті.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Өмірәлиева Д.Т.

Опубликовано: 31 Мая, 2018 06:02, Просмотров: 5091