Қазақ тілінің білгірлері

14.04.2018 жылы №40 гимназияда 5-7 сыныптар аралығында "Қазақ тілінің білгірлері" сайысы өтті. Сайысқа  9 оқушы, яғни 3 топ қатысты: "Ойшылдар" тобы, "Білімділер" тобы, "Болашақ" тобы. Сайыс 5 айналымнан тұрды. Олар: "Тездет, бірақ қателеспе!", "Полиглот", "Ойлы болсаң, озып көр", "кім жылдам?", "Тапқыр болсаң, тауып көр".

Ең алдымен, топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтты. Сайыстың әр кезеңі жалынмен, талпыныспен, өзінше бір леппен өтті. Топтар намысты қолдан бергісі келмей, қызу тартысқа түсті. Әр айналымда жинаған ұпайларын әділқазылар алқасы жазып отырды. Сайыс соңында ұпай саны көп "Ойшылдар" тобы жеңіске жетті. "Болашақ" тобы 2-орын, "Білімділер" тобы 3-орынды иеленді. Қатысушыларды жеңісімен құттықтай отырып, оларға сәттілік тілейміз! 

Жеңіске жеткен оқушылар:

1-орын:
Сорокин Владимир 5"В"
Байнинетова Карина 6"А"
Алимбеков Ысмаил 7"А"

2-орын:
Темирали Аяна  5"Д"
Абдыхалықұлы Алишер 6"Д"
Син Лия 7"Г"

3-орын:
Ким  Артем 5"Г"
Кнауб Настя 6"Г"
Цой Настя 7"А"

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Опубликовано: 16 Апреля, 2018 05:28, Просмотров: 2970