"Әбіш Кекілбаев" оқулары

2018 жылдың 7 ақпанында №54 орта мектепте І қалалық «Әбіш оқулары» байқауы өтті. №40 гимназиядан Ә.Кекілбаев шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 7«В» сынып оқушысы Тәттібаева Таңшолпан қатысып, жүлделі 1-орын иеленді. Таңшолпан Ә.Кекілбаевтың 3 поэзиялық  шығармасын жатқа оқыды. Әсіресе, композициялық қойылыммен көрнектелген өлеңі қатысушылар мен әділқазылар алқасын тебірентпей қоймады. 

Ал, 8 «Г» сынып оқушысы Баймолдаева Дана Ә.Кекілбаевтың шығармаларын зерделеу жоба байқауы номинациясы бойынша 3-орын алды.  Дана Ә.Кекілбаевтың 3 шығармасын талдап, сол бойынша зерттеу жүргізді. Өзін жоғары деңгейде көрсете білді.

Қос қатысушымыз да өздерінің қабілеттерін барынша көрсетті. Таңшолпан мен Данаға тек шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілеймін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раймқұлова А.А.

Опубликовано: 12 Февраля, 2018 05:34, Просмотров: 1754