Тарихқа саяхат

2017 жылдың қараша айының 15 күні № 40 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Есеналиева Шолпан Аманкуловнаның ұйымдастыруымен  7-сынып оқушыларына  Тараз қаласындағы «Қарахан баба» кесенесінде «Тараздың бойтұмары» тақырыбы бойынша экскурсия–сабағы өтті. 

Экскурсия-сабақтың мақсаты – оқушыларды рухани құндылықтар мен тарихи оқиғаларды құрметтеуге тәрбиелеу,  көне қаланың көрнекті жерлері мен ескерткіштерін тану.
«Мың рет естігенше, бір рет көр» деп көреген, дана халқымыз айтқандай, оқушылардың санасын сарқылмас тарих сұлбаларымен сусындатып қайтқан ұстаз, олардың эксурсия-сабақта аса зор ықылас танытып, қызығушылық білдіргенін айтты. «Қарахан баба» кесенесінің тарихы тереңде жатқандықтан, оқушылардың да тереңге бойлағаны шүбәсіз шындық. Тарихқа тұнған Таразда тұрып, ауыз толтырып айтарлық кесенелеріміз бен жел ойнаса, саңлауларынан күй ойнайтын күмбездерімізді дәріптемегеніміз жарамас.
Жамбыл облысы бойынша тарихи-мәдени  ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкері, мәдениет пен әдебиетті қатар тізгіндеген.
Таңшолпан ханым  «Қарахан баба» кесенесі жайлы кең ауқымды ақпараттар айтты.
Экскурсия-сабақ өз мақсатына жетті. Гимназия оқушылары  кесене жайында құнды мәліметтер алды.

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Опубликовано: 21 Ноября, 2017 03:48, Просмотров: 1506