Сабақ "Кемпірқосақ", 3 сынып

Кубенова А. Т., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі29 Октября, 2015 12:40

Модульдік тақырып: «Күн суық, ыстық»        

Сабақтың тақырыбы: Кемпірқосақ

Сабақтың мақсаты: табиғатта болып жатқан өзгерістерді  (кемпірқосақтың шығуы) сипаттай алуға үйрету, түстерді қайталау, тақырыпқа қатысты етістіктерді дұрыс қолдану,тапсырмаларды дұрыс орындау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: кемпірқосақ туралы айта алу, оның түстерін ажырата алу, кемпірқосақ туралы түсінік кеңейту, олардың қандай түстерден тұратынын, неден кейін пайда болатынын ертегі мазмұны бойынша білу, белсенді сөздік қорды меңгеру.

Дамытушылық: оқушыларды  коммуникативтік қарым-қатынасқа түсуге жетелеу және байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту;

Тәрбиелік: айналаға,  қоршаған ортаға ұқыпты қарау, табиғатта қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: балалар жаңа сөздікпен танысады, сөздік қорлары молаяды, ауызекі сөйлеу тілдері дамиды, тақырып бойынша жаңа сөздерді үйренеді, кемпірқосақ туралы айта алады, оның түстерін ажырата алалады, тақырып бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап айтуды меңгереді, сауатты әрі ұқыпты жазуға төселеді, т.б. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, айтылым, оқылым, жазылым;

Сабақтың құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, оқушыларға арналған  таратпа материалдар, суреттер.

Сабақ  жоспары:                                                                                                                I.Ұйымдастыру  кезеңі

      II.Үй тапсырмасы

      III.Жаңа сабақ

      IV.Бекіту

      V.Бағалау

      VI.Қорытындылауау.

Сабақтың   барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, аман –саулық сұрасу, оқушыларды сабаққа  даярлау, шаттық шеңбер, рефлексия)                               

- Балалар! Бүгін бізге қонақтар келіп отыр,кәне балалар орнымыздан тұрып қонақтармен сәлемдесейікші.

       Күннің  көзі ашылып,                                                

Құтты  шуақ  шашылсын!

Құтты қонақ  келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой!

- Сәлеметсіздер ме!

Енді балалар бір-біріміздің қолымызды ұстап, үлкен шеңбер жасайық.Біз таңертең ұйқыдан тұрғанда қайда қараймыз?

- Терезеге қараймыз.

- Онда нені көреміз?

-Күнді, күннің нұрын көреміз.

-Бүгін ауа райы қандай?  Бүгін күн (бұлтты, суық, ыстық)

- Егер күннің көзі жарқырап тұрса қалай қуанамыз? (Балалар алақандарын шапалақтайды.)

-Балалалар, кәне бәріміз алақандарымызды түйістіріп көрейік.

- Нені сезініп тұрмыз?

- Алақанның жылуын.

- Осы жылулық арқылы бір –бірімізге игі тілектерімізді айтайық.

  1. Әрқашан  әдемі болайық!                            7. Аспанымыз ашық  болсын!
  2. Аналарымыз аман болсынІ                          8. Күніміз сәтті  өтсін!
  3. Күніміз жарық болсын!                                9. Деніміз сау болсын!
  4. Мектебіміз жайнай берсін!                          10. Әрқашан күліп жүрейік!
  5. Мұғалімдеріміз аман болсынІ                     11. Жарқырап жүрейік!
  6. Бес қойсын!                                                   12. Бәріміз дос болайық!

Орнымызға   жайғасып  сабағымызды  әрі қарай жалғастырайық

  1. Бүгін нешесі?
  2. Жылдың қай  мезгілі?
  3. Көктем айларын ата
  4. Көктемде күн қандай болды?
  5. Көктемде қандай мерекелер бар?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

    1). «Көктем» тақырыбы бойынша  такпақтар айту.

    2).Көктем мезгілінің ерекшелігін айту.

    3). Сөйлесу.

           Көктемде.        Ә. Шапағат

Қар ериді, жаңбыр жауады,

Найзағай жарқылдап, жел соғады.

Гүлдер шығып, құстар келіп,

Көктемде бәрі мәз болады.  

      Балалар-ау, балалар!     Ө.Тұрманжанов

      Шақырады далалар.

      Көктем келді гүл алып,

      Құстар келді жыр алып,

      Қызғалдақты терейік,

      Теріп үйге келейік.

           Құс  келді.   Болат  Қозыкеев

Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бар ағаш.

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшаға ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Көктем айлары- наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз- көктемнің алғашқы айы. Наурыз жыл басы. 22-наурыз – Жаңа жыл мейрамы. Сәуір- көктемнің екінші айы. Қазақтар оны «көкек» дейді. Мамыр көктемнің соңғы айы. 9 мамыр  - Жеңіс күні.

Көктемнің алғашқы гүлі-бәйшешек. Бәйшешек қардың астында өседі. Бәйшешек наурызда гүлдейді.

Көктемде гүл егеміз, ағаш отырғызамыз. Ағаш пен гүлдерге су құямыз. Ағаштар бүршік жарады. Біз құстарға ұя жасаймыз.

Сөйлесу.

-Бек, сен қайда барасың?

-Мен далаға барамын.

-Бүгін ауа райы қандай?

-Бүгін ауа райы жылы.Аспан ашық.

-Сен далада не істейсің?

-Мен далада доп ойнаймын.Жүр, бірге ойнаймыз.

-Жарайды.

-Бүгін ауа райы қандай екен, қане көрейік. 

-Табиғат құбылыстарына байланысты қандай жұмбақтар білеміз.

            Жұмбақтар.

Жыл мезгілі шуақты,

Жердің бәрі нұрланды.

Сайды қуып су ақты,

Гүлдер өсті әдемі. (Көктем)

Жұрттың бәрі оны  сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.   (Күн)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) 

ІІ. Жаңа сабақ.

Кемпірқосақ

      Мұғалімнің кіріспе сөзі.

      Сөздікпен  жұмыс.

өрнек – узор

жолақ – полоска

алқап- поле, край

ғаламат – прекрасный

жаңбырдан кейін –после дождя

шығады – появляется

кемпірқосақ - радуга

*мұғалім мәнерлеп оқиды;

 *оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап оқиды;

 *оқушылар тізбектліп оқиды;

 *сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырады;

 *сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.

      Сөздік бойынша сабақтың тақырыбын болжау.

1-тапсырма. Оқушылардың жұмбақты шешуі. Жұмбақ  бойынша сабақтың тақырыбын болжау.

2-тапсырма. Тапсырма арқылы болжау Қызыл ұлшықтан бастап, бір ұяшық тастап оқысақ, сабақтың тақырыбы шығады.

3-тапсырма. Мәтінді аудиотаспада тыңдай отырып, мәтін не туралы екенін айту.

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Кемпірқосақ»

4-тапсырма. Мәтінді оқулық бойынша мәнерлеп  оқу. 

Кеше күн бұлтты болды,жаңбыр жауды. Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шықты. Кемпірқосақтың жеті түсі бар: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, қөгілдір, көк, күлгін. Кемпірқосақ өте әдемі болады.

5-тапсырма.  Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1.Кемпірқосақ кашан шығады?                                                               2.Кемпірқосақтың неше түсі бар?   

- Ал енді балалар «Кемпірқосақ» туралы ертегіні тамашалайық.                           

                                        «Кемпірқосақ» ертегісі

Автор: Ерте-ерте, ертеде бір үлкен кең алқапта (в просторной поляне) алуан түсті гүлдер тату-тәтті өмір сүріпті. Олар құлпыра жайнап, көздің жауын (притягивает красатой) алады екен. 

Қызылгүл: – Мен, Қызылгүл, қандай әдемімін.

Қызғылт сарыгүл:– Менің түсім қызғылт сары, қараңдаршы, мен де әдемі гүлмін.

Көгілдіргүл: -Менің түсім көк аспандай көгілдір.

Жасылгүл:  -Ал мен жасыл гүлмін, менің түсім қандай әдемі.

Сарыгүл: -Менің түсім сап-сары тарыдай (просо) әдемі емеспін бе?

 Көкгүл:-Ал мен көк көлдің суындай мөп-мөлдірмін.

Күлгінкүл: Менің түсім күлгін, мен де әдемімін. Қыздар, жүріңдер! Бірге табиғатты тамашалайық!

Автор: Нәзік те сұлу гүлдердің арасында дараланып жалғыз ғана ақ түсті гүл өмір сүреді.Ол өзімшіл (эгоист) де, өркөкірек (надменный) болыпты.

Ақгүл:  -Гүлдердің ішіндегі ең әдемісі менмін.Мен қандай әдемімін, қараңдаршы. Мен ақша қардай  аппақпын (белее снега), ең әдемі гүл менмін.

- Мынау Сарыгүл ме?                                           Қызғылт сарыгүл ме?

- Мынау Қызылгүл ме?                                          Көгілдіргүл ме?

- Мынау Жасылгүл ме?                                          Көкгүл ме?

-Мынау Күлгінкүл ме? (Бәрін жұлып тастайды)

Қызылгүл:-Мен солып барамын.

Сарыгүл:  -Мен де.

Қызғылт сарыгүл:–Осы Ақгүл өзінен басқаны жақтырмайды.

Жасыл гүл: -Бұл өзімшіл  Ақгүлден басқа жаққа көшіп кетейік (переедем).

Күлгін: Көшсек көшейік.  

Көкгүл. Осы өркөкірек (надменный) Ақгүлден алысырақ өмір сүрейік.    
Автор: Өзімшіл, өркөкірек Ақгүлдің бұл зорлығына (насилие) төзе алмаған барша гүл өзара келісіп, оған білдірмей, бір түн ішінде басқа жаққа  көшіп кетіпті. Жалғыз өзі жұртта қалған  Ақгүлдің жағдайы нашарлай (ухудается положение)  бастайды. Ақгүлдің өзінің қателігін түсінеді (признает ошибку), бірақ бәрі де кеш (поздно) еді. 

Ақгүл:- Мейірімді Күн, мен жалғыз қалдым. Мен қателік жасадым. Құрбыларым мені кешірсінші!? Қызылгүл, Сарыгүл, Жасылгүл қайта оралыңдаршы. Мейірімді Күн, гүлдер қайтып келсінші.

Мейірімді Күн: Ақгүл, қателігіңді (ошибку) кеш түсіндің, ол мүмкін емес.Сен өзіңнің өзімшілдігіңнен (эгоист) достарыңнан айырылдың.
Автор: Айлар, жылжып жылдар өтеді. Жалғызсыраған Ақгүл бұрынғы құрбыларын сағынады(скучает)
Ақгүл:- Мейірімді Күн, мен жалғыз қалдым. Мен құрбыларымды сағындым. Мен оларды алыстан (издалека) болса да  көргім келеді. Мейірімді Күн, маған оларды бір рет болса да көрсетші.

Мейірімді Күн:- Жарайды, өтініп қоймадың ғой. Мен саған гүлдерді алыстан, тек көк жүзінен (на небе) ғана көруге мүмкіндік беремін.

Автор:  Мейірімді Күн  гүлдердің түрлі түстерін қосып, оны Кемпірқосақ (радуга) етіп қайта жаратады. Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады. Ең бірінші жаңбыр жауады, содан кейін кемпірқосақ пайда болады.

Мұғалім: -Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі  бойынша   біз нені білдік.

-Ал енді мәтін бойынша тапсырмалар орындаймыз.

6-тапсырма. Кемпірқосақ –фонетикалық талдау

Кемпір-қосақ

Кем-пір-қо-сақ

к- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік

м- дауыссыз, үнді

п- дауыссыз, катаң

і-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

р- дауыссыз, үнді

қ- дауыссыз, қатаң

о- дауысты, жуан, ашық, еріндік

с- дауыссыз, қатаң

а- дауысты, ашық, езулік

қ- дауыссыз, қатаң      

Сөзде 11 әріп, 11 дыбыс, 4 буын бар

7-тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестендір.

1.Кеше күн бұлтты                                                          2. Жаңбыр

3.Жаңбырдан кейін кемпірқосақ

4.Кемпірқосақтың     жеті түсі бар:                              5.Кемпірқосақ өте әдемі

болады.

болды.

қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, қөгілдір, көк, күлгін.

шықты.

жауды.

8-тапсырма. Түстер мен кемпірқосақтың түстерін екі бағанға бөліп жаз.

Кемпірқосақ

Түстер

қызыл

қызғылт сары

сары

жасыл

көгілдір

көк

күлгін

қоңыр

 ақ

 қара

 

9-тапсырма. Сұраулық шылауларды дұрыс қой.

Кемпірқосақ ... ?

Кемпірқосақтың жеті түсі бар ...?

Қызыл ... ? 

Қызғылт сары ... ?        

Жасыл...?

Көгілдір ... ?

Көк ... ?                                          

Күлгін ...?                            

 Сары ... ?

Кемпірқосақ өте әдемі ... ?

10-тапсырма. Етістіктерді болымсыз түрінде жаз.

болды –

жауды –

шықты-

болады –

11- тапсырма. Толықтырып оқы.

Кеше     ...    жауды.    Жаңбырдан кейін                  ...          шықты. Кемпірқосақтың жеті түсі бар:      ...       ,        ...    ,     ...        ,    ...    ,       ...  ,      ...       ,       ...   . Кемпірқосақ         ...       болады.

Керекті сөздер: кемпірқосақ, жаңбыр, қызыл, қызғылт сары,  жасыл, көгілдір, көк, күлгін,  өте әдемі

12-тапсырма. Жуан, жіңішке, аралас сөздері табу.

1.Кеше күн бұлтты болды, жаңбыр жауды. Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шықты.

2 . Кемпірқосақтың жеті түсі бар: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.

3. Кемпірқосақ өте әдемі болады.

-Оқушылардың мәтін бойынша түсінік айтуы.                                                     

-  Сергіту сәті. Түн болды.
Сәлден соң таң атты,                                                                                      Аспанды бұлт басты.
Жаңбыр жайлап  жауды,
Жаңбыр қатты жауды.
Күн ашылып, енді жел  тұрды,                

Жел қатты тұрды,
 Енді ауа тынық болып,

тып-тыныш болды.

- Суретке қарай отырып, табиғатты қорғау үшін сендер не істейсіңдер?

Мұғалім: Жаңбыр - бұл сағынған гүлдердің  көз жасы екен. Жаңбыр сіркіреп (моросит) жауғанда  Жер бетіндегі барлық  өсімдік пен гүл атаулы да оған жауап катып, сәлем жолдағандай түрлене құлпырып, жайнап (красочно расцветает) кетеді.

Ән «Жау, жау жаңбыр»     

V.Сабақты қорытындылау.      Сұрақ-жауап.   

Мұғалім: Өмірлерің кемпірқосақтың жолағындай нұрлы, көңілді,қызықты, шатттыққа толы болсын.Өмірдің биік шыңдарынан көріне берулеріңе тілектеспін.

Бағалау.                                                                                                                                   Рефлексия. Оқушылардың сабақта көрсеткен білімдері мен белсенділіктерін ескере отырып «өте жақсы» жауап берген оқушыларға «күннің» , жақсы жауап берген оқушыларға «гүл» ұстап тұрған смайликтерді , «нашар» жауап берген оқушыларға «көңілсіз» смайликтерді  таратып беру арқылы бағалау.

VІ.Үйге  тапсырма  беру.

       Сөздік.

       4-тапсырма. 117-бет

(Мәтін бойынша түсінік айту)                                                                                            6-тапсырма. Толықтырып жаз.118 -бет

 Кемпірқосақ:

Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл,жасылды
Бояулары асылды.

Қорыту.

-Кемпірқосақ қай мезгілде шығады?

-Қандай түстерден тұрады?

2. «Балалар-ау, балалар!»     Өтеміс  Тұрманжанов

      Шақырады далалар.

      Көктем келді гүл алып,

     Құстар келді жыр алып,

     Қызғалдақты терейік,

     Теріп үйге келейік.

Сөйлесу.

-Бек, сен қайда барасың?

-Мен далаға барамын.

-Бүгін ауа райы қандай?

-Бүгін ауа райы жылы.Аспан ашық.

-Сен далада не істейсің?

-Мен далада доп ойнаймын.Жүр бірге ойнаймыз.

-Жарайды.

Көктем айлары- наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз- көктемнің алғашқы айы. Наурыз жыл басы. 22-наурыз – Жаңа жыл мейрамы. Сәуір- көктемнің екінші айы. Қазақтар оны «көкек» дейді. Мамыр көктемнің соңғы айы. 9 мамыр  - Жеңіс күні.

Көктемде ең бірінші бәйшешек гүлдейді. Көктемде гүл егеміз, ағаш отырғызамыз. Ағаш пен гүлдерге су құямыз. Ағаштар бүршік жарады. Біз құстарға ұя жасаймыз.

                       Құс  келді.   Болат  Қозыкеев

Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бір ағаш.

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшаға ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Видео: https://cloud.mail.ru/public/DsK5/Fvfo3jtvg

Приложения: