Сабақ "Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы", 9 сынып

Бабашева Ж.Б., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі29 Октября, 2015 11:41

Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды Ә.Қастеев атындағы мұражай туралы мәліметпен таныстыру, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы, берілген мәтін мазмұнын түсініп, осы тақырыпқа ауызекі сөйлесе алуға баулу;
  2. Аталған тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
  3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, бейнелеу өнеріне, өнер туындыларына қызығушылықтарын арттыру, Қазақстанның ұлы тұлғалары туралы біліп, ой-өрістерін кеңейтуге баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: оқушылар дайындаған презентациялар, үлестірмелі қағаздар, плакаттар, стикерлер, бағалау парақтары, т.б.

Сабақтың әдісі: демонстрациялау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың тақырыбы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

2. Жыл мезгілі, ауа райын, күнді сұрау.

3. Бағалау парағымен таныстыру.

Балл бойынша сабақтың бағалануы: 10-12 балл –«5», 9-8 балл – «4», 7-6 балл – «3»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Оқушылардың дайындаған презентацияларын тексеру (2 топтан 2 оқушы)
  2. Әбілхан Қастеев туралы әңгімелеу (әр топтан 1-1 оқушы)
  3. Грамматикалық тақырып. Райлардың ережесін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің сөзі – ой қозғау.

Балалар, әлемдегі қандай өнер мұражайларын, бейнелеу өнері галереяларын білесіңдер?

(Третьяков галереясы, Лувр, Эрмитаж, т.б.) Ал Қазақстанда қандай өнер мұражайы бар екен? ( Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайы) (Слайд көрсетіледі)

2.     Сөздік жұмыс.

Мәдени-ағарту ісі – культурно-просветительское дело

Қор – фонд

Сала – отрасль, направление

Толықтырыла берді – дополнялось

Халықтық дәстүрлі қолөнер – народное традиционное прикладное искусство

Туынды – произведения

Шетелдерде – в зарубежных странах

3.     Мәтінді түсініп, оқу.

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай

Әбілхан Қастеев атындағы мұражай – бейнелеу өнері саласындағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісінің орталығы. Мұражай 1935 жылы құрылды. 1950 жылдан бастап оның қоры Қазақстан суретшілері, мүсіншілері, графиктері мен кескіншілерінің ең таңдаулы деген шығармаларымен толықтырыла берді. 1976 жылдан бастап Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы өнері мен халықтық дәстүрлі қолөнердің көрмесі ашылды.

Қазіргі кезде мұражайда Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолөнер туындыларынан құралған 22 000-ға жуық экспонат бар.

Мұражай қорындағы туындылар республикалық көрмелерде және АҚШ, Жапония, Канада, Бельгия, Финляндия, Венгрия, Польша, Германия, Чехословакия, Норвегия, Иран, Ауғанстан сияқты шетелдерде де көрсетілді.

1)    Мәтін бойынша екі топқа тапсырмалар:

А) Бір топ  3 сұрақ құрастырып, қарсы топқа қояды.

Ә) Екінші топ мәтін бойынша жоспар құрады, қарсы топ осы жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды.

2)    «Сандар сыры»  тапсырмасы. Мәтінде берілген сандармен берілген мәліметтерді еске түсіру.

1935 ж, 1950 ж, 22 000, 1976 ж

3)    Қате, дұрыс берілген сөйлемдерді  анықтау.

      А)     Мемлекеттік өнер мұражайы Шоқан Уәлиханов атында.

  Ә)   1976 жылдан бастап Қазақстанның ежелгі және   орта   ғасырлардағы    өнері мен    халықтық дәстүрлі қолөнердің   көрмесі ашылды.

     Б)       Мұражай 1940 жылы құрылды.

     В)       Мұражайда 20 000 экспонат бар.

   Г)    Мұражай қорындағы  туындылар республикалық көрмелерде және АҚШ, Жапония, Канада, Бельгия, Финляндия, Венгрия,  Польша,    Германия, Чехословакия, Норвегия, Иран, Ауғанстан сияқты шетелдерде де көрсетілді.

4)  Сөйлемдерді тексеру.

5)     Грамматикалық тапсырмалар орындау.

  • Суреттер арқылы қалау райда сөйлемдер құрастыру.

  • Оқушылар стикерлерге аттарын және бір-бір сөз жазады, қағаздарды екі топ ауыстырып алып, бір-бірінің қалауларын айтады.
  • Берілген ашық райда тұрған етістіктерді қалау райға ауыстырып жазу.

1-топқа

1. Оқушылар жазда Алматыға, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына барады.

2. Зарина сурет сабағында табиғат көрінісін салды.

3. Арман досының туған күніне  әдемі картина сыйлайды.

2-топқа

1. Таня болашақта белгілі суретші болады.

2. Мен сурет салып отырмын.

3. Сергей  атақты суретшілердің туындыларын жинап жүр.

  • Қалау райды қолданып, сурет көрмесі, суретші, сурет салу тақырыптарында диалог құрастыру.

V. Сабақты қорытындылау.

1. Екі топқа  постер беріледі. Онда «Сенің неліктен Ә.Қастеев атындағы мұражайға барғың келеді? Бірнеше себептерін жаз» деп жазылған, оқушылар өздерінің аргументтерін жазады, тақтаға шығып, өз ойларын айтады.

Бағалау парақтарын жинау.

VІ. Үйге тапсырма: І деңгей – «Ә.Қастеев мұражайына барғым келеді» әңгіме жазу, ІІ деңгей – тақырып бойынша диалог құрастыру, ІІІ деңгей мәтін мазмұнын айту