Сабақ "Керік", 4 сынып

Идрисова Э. И., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі9 Февраля, 2015 10:46

Мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеуге, керік туралы әңгімелеуге төселдіру.

Міндетті:

1.Біліктілік: жануарлар туралы білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау.

2.Дамытушылық:Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу.

3.Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдістері: интерактивтік тақта, компьютермен жұмыс, диалог, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, информатика,жаратылыстану.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сабаққа кіріспе.

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Аптаның қай күні?

- Жылдың қай мезгілі?

- Ақпанның нешесі?

- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету)

- Сабаққа дайынбыз ба?  

ІІ. Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін тілек арқылы білдіру.

IIІ. Үй жұмысын тексеру.

-         Оқушылардың дайындап әкелген жануарлар туралы қысқаша мәліметтерін тыңдау.

-         Сөйлесуді, мәтінді, сөздікті тыңдау.

IV. Негізгі бөлім. Сабақтың тақырыбын  ребусты шешу арқылы табу.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Бүгін қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші. Себебі, бүгін бізде ашық  сабақ. Және сабағымызда қонақтарымыз бар

V. Ой қозғау. Ассоциация.

                        Су       Құрлық                   Орман        Хайуанаттар бағы

                                                        Жануарлар

                        Адам досы             Жыртқыш              Табиғат                 

а. Сөз тіркестерін құру. Жыртқыш аң, әдемі табиғат, хайуанаттар бағы, қу түлкі, орман қожасы,қорқақ қоян.

б. Сөйлем құрау. Аю-орман қожасы. Қазақстанның табиғаты әдемі.Мен хайуанаттар бағында болдым.

VI. Cабақтың тақырыбы: Керік

VII. Сөздік жұмыс.

  • Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздер.
  •      Мойын- шея
  •      Керік- жираф
  •     Жылдамдық- скорость
  •     Өмір сүреді- живёт (ут)
  •     Тілі- язык
  •     Дақ- пятно
  •     Бойы-рост

Жаңа сөздер арқылы сөйлем сөз тіркесін құрастыру.

VIII. Бейнефильм. Бейнефильм арқылы қосымша сұрақтарға жауап беру.

IX. Мәтінмен жұмыс.  

Әлемдегі ең биік жануар – керік. Ол Африкада өмір сүреді. Оның салмағы 700 килограмм. Бойы 6 метрге дейін. Бойының 2 метрі – оның мойны. Керіктің тілі өте ұзын. Ол 54 сантиметрдей болады екен. Керік шөп және ағаштардың жапырағын жейді.  Ол сағатына 50 километр жүгіре алады. Керік 25 жыл өмір сүреді.

X. Mәтінді оқып, аудару.

  • Мәтін бойынша сұрақтар қою.
  • Сұрақтарға жауап беру.

XI. Сергіту сәті.

XII.Сұрақтардың дұрыс жауабын таңдау.

  • Керік әлемдегі қандай жануар?( әдемі, биік, үлкен, кішкентай)
  • Оның салмағы қанша кг?( 800кг, 500кг, 700кг, 300кг)
  • Керік не жейді? ( алма,тікен, жапырақ, банан)
  • Керіктің бойы қанша метр? ( 6 м, 10 м, 1 м, 3 м)
  • Ол сағатына қанша км жүгіре алады? ( 30 км, 50 км, 20 км, 90 км)
  • Керік қанша жыл өмір сүреді? ( 10ж, 4ж, 100ж, 25ж)

 Сұрақтардың дұрыс жауабын тексеру.

XIII. Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау.

1.” Керік” сөзін септеу.

2. Мәтіндегі зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын ажырату.

3. Сан есімдерді реттік сан есімдермен жазу. 

XIV. Пантонима ойыны. Іс-қимыл арқылы жануарларды табу. 

 

ХV.Сөйлесуді екеуара оқып, аудару.  

ХVI. Қызықты мәлімет 

1.Бес мүйізді керіктер болады 

 2.Керіктің бір қадамы 6-8метр

 3.Керіктер – арыстан мен адамнан қорқады.

 Қызықты мәлімет. Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында бұрыс жауаптарды беріп, дұрыс жауаппен тексеру.

ХVII. Жануарлардың мінезін сипатта

Керік                       қорқақ

Аю                            жүйрік

Жолбарыс                 айлакер

Қоян                          жайбасар

Түлкі                         айбатты

Арыстан                    биік

Тасбақа                      күшті

XVIII. Жануарлардың мінезін дұрыс жауабымен тексеру.

XIX. Сандарды сөйлет 

700кг, 54см, 2метр, 50км, 6 метр, 25жыл.

XX. Сабақты бекіту. (Рефлексия)

1.Бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық?

2.Не білдік?

Көңіл-күйлерін қалай? (смайлик көрсету)

 Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуын, білімдерін ұпай арқылы  бағалау. 

 Үйге тапсырма. Мәтін , сөздік жаттау.

Приложения: