Сабақ "Дүниеде мәңгілік - ештеңе жоқ", 9 сынып

Ахментаева Г. Б., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі29 Октября, 2015 09:54

Сабақтың тақырыбы: Дүниеде мәңгілік  ештеңе жоқ.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Білімділік: Оқушылардың  коммуникативтік  іс-әрекеттерін пысықтау, пән бойынша білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Жеке тұлғаны  дамыту, өз бетінше  мәтінмен жұмыс  істеуге,  жоспарлай білуге, ең басты ойды таба білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Эстетикалық  тәрбие беру, өнерге деген  қызығушылығын ояту.

Сабақтың мақсаты: мәтінмен жұмыс  істей білуге, мазмұнын (8-10сөйлем) айта білуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу.

б) оқушыларды түгелдеу.

в) тіл кеңістігін дамытуға арналған жаттығулар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Тапсырма №1. Сұрақтарға жауап бер.

1 топ.

1. Портрет  дегеніміз не?

2. Портреттің  басты ерекшелігі.

3. Портреттің түрлері.

2 топ.

1. Натюрморт  дегеніміз не?

2. Ол қайда, қашан пайда болған?

3. Пейзаж дегеніміз не?

Тапсырма №2. Ойлан, тап.

1 топ. Суреттерді топтастыр.

Портрет              Пейзаж                Натюрморт

2топ. Сөздерді топтастыр.

Портрет              Пейзаж                Натюрморт 

Голландияда пайда болған, египеттіктер ойлаған,  XVII ғасырда  пайда болған,  адам жаны ауысады, екі тұлғаның  қарым қатынасы, табиғат суреті, адам бейнесі, сан түрлі  тағамдар,  суретшінің көңіл күйі.

ІІ. Жаңа тақырып.

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.

б)Сөздікпен жұмыс.

мәңгілік – өлмейтін

заңдылық – өмір заңы

жойылып кету – жоқ болу

өнер туындысы – шебердің жұмысы

бір  сәт – қас-қағым уақыт

баға – құн

құндылық – баға жетпес зат

мән – мағына

айғақ – дәлел

тәрбие құралы – тәрбиелеуші

Тапсырма №1. Сөздердің аудармаларын сәйкестендір.

мәңгілік                      а) средство воспитания

заңдылық                   ә) доказательство

жойылып кету             б) смысл

өнер туындысы            в) ценность

бір  сәт                       г) цена

баға                            ғ) вечность

құндылық                    д) закономерность

мән                             е) исчезновение

айғақ                           ё) шедевр искусства

тәрбие құралы              ж) мгновенье 

Дұрыс жауаптар: 1-ғ, 2-д, 3-е, 4-ё, 5-ж, 6-г, 7-в, 8-б, 9-ә, 10-а.

в) Сөздік арқылы  болжау жасау.

Тапсырма №2. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыр.

IV.Мәтінмен жұмыс.  

а) Бірінші  және соңғы сөйлемді оқып, болжау жасау.

б) Мәтінде болуы мүмкін 3 сөйлемді тақтаға жазғызу.

в) Мәтінде бар болады деген 3 сөйлемнің астын сызу.

*Сурет өнері – бір ұлттың салт-дәстүрін дәріптеушісі.

*Сурет өнері Вавилонда пайда болған.

*Дүниедегі барлық нәрсе - мәңгілік.

*Ертеде қандай мемлекеттердің болғанын тарихтан білеміз.

*Суретшілік барлық адамда бар қасиет.

*Біз бүгін Хеопс пирамидасы туралы білеміз.

(Мәтінді оқу).

Дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ. Бәрі де өтпелі. Тірінің өлуі – заңдылық. Тек ұлы тұлғалар ғана емес, небір айбатты  мемлекеттердің  де жойылып кеткенін  біз тарихтан білеміз. Арада сан ғасыр  өткенде  олардың қандай ел болғанын, мәдениетін біз кітаптардан,  сәулет, бейнелеу өнерінен, мүсіндерден  танып білудеміз.

 Сурет – өнер туындысы, әрі тарих десек, суретші – сол тарихтың   бір сәтін  бір уақытқа  тоқтата білген шебер. Мұндайды қазақ «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»,- дейді. Себебі, әрбір суретшінің, әрбір суреттің өзіндік бағасы,  тарихи мәні, құндылығы бар.

         Біздің заманымызға  дейінгі 4000жылдықта Вавилонда  үлкен мәдениет болған. Ол туралы біз сәулет, бейнелеу өнері мен мүсіндер  арқылы білдік. Египеттегі Хеопс пирамидасы  мен үлкен Свинкс те, атақты «Джоконда» картинасы да үлкен  мәдениет  пен тарихтың айғағы.

         Демек,  сурет, мүсін, сәулет өнерлері – белгілі  бір ұлттық салт – дәстүрін  дәріптеуші ғана емес, сол елдің  тарихын,   тұлғаларын танытып,  құрметтейтін ұрпағын  Отан сүюге  баулитын тәрбие  құралы. Ал суретші тек  біреудің  немесе  бірдеменің  бейнесін  салушы ғана емес, ол суреткер, ол – философ.

Тапсырма №3. Жауаптарды «шын», «жалған» деп белгіле.

 

1. Мәтін не туралы?

 

Өнер туралы

 

Өмір туралы

 

Пирамидалар туралы

 

2. Үлкен мәдениет туралы біз қайдан білеміз?

Кинодан

 

Өнер туындыларынан

 

Газет – журналдан

 

3. Өнер нені дәріптейді?

Мемлекетті, тұрғындарды

 

Сәулетшіні, суретшіні

 

Салт-дәстүрді, тарихты

 

Тапсырма №4.  Сөз сыңарларын тап.

1. Айбатты                     пирамидасы

2. Бейнелеу                   мән

3. Жақсылық                баға

4. Ғалымның                мәдениет

5. Үлкен                       хаты

6. Өзіндік                     аты

7. Тарихи                     өнері

8. Хеопс                        құралы

9. Джоконда                 мемлекет

10. тәрбие                     картинасы 

Тапсырма №5. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

1. топ.

1. Тірінің өлуі – заңдылық.

2.Дүниеде  ештеңе де мәңгілік емес.

3. Сурет – өнер туындысы әрі тарих.

2 топ. Мәтінге тақырып таңдаңдар.

1. Өнер – өлмейтін мұра.

2. Пирамидалар – 7 кереметтің бірі.

3. Суретші -  тарихты тоқтата білетін шебер. 

Тапсырма №6.  

1топ. 1. Мәтіннің бірінші азат жолына  тақырып таңда.

А) Өмір заңы.

ә) Тірінің өлуі.

б) Айбатты  мемлекеттердің жойылуы.

2. Мәтіннің екінші азат жолына  тақырып таңда.  

А) Сурет – өнер туындысы.

Ә)  Суреттің бағасы.

Б) Суреттің тарихи маңызы.

3. Мәтіннің үшінші азат жолына  тақырып таңда. 

А) Вавилонның үлкен мәдениеті.

Ә) Хеопс пирамидасы.

Б) Тарихи айғақ. 

4. Мәтіннің төртінші азат жолына  тақырып таңда. 

А) Өнер – бір ұлттың салт-дәстүрлі дәріптеуші.

Ә) Суретші – сурет салушы.

Б) Суретші – Отансүйгіштік құрметтеуші.

 2топ. Мәтінге жоспар құрастыр. Сол бойынша әңгімеле.

Тапсырма №7. Мәтін бөліктерін жинастыр.  

1 топ.

1. Суретші тек  біреудің бейнесін салушы ғана емес, ол – суреткер, философ.

2.  Біздің заманымызға  дейінгі 4000 жылдықта Вавилонда үлкен мәдениет  болған.

3. Қазақта «Жақсының  аты өлмейді»  деген сөз бар.

4. Дүниеде  мәңгілік ештеңе жоқ. 

2топ. Сөйлемдерді толықтыр.

1. Тірінің өлуі - ... .

2. Дүниеде ... ештеңе жоқ.

3. Жер бетінен талай мемлекет ... .

4. Сурет - ... , ал суретші  уақытты ... тоқтата алатын шебер.

5. Әр суреттің  өзіндік ... , тарихи ... болады.

6. Хеопс пирамидасы – үлкен мәдениеттің ... .

7. Сурет өнері - ... .

Тапсырма №8.  Ой-толғау.  «Жақсының аты, ғалымның  хаты өлмейді» дейді. Неге?

Тапсырма №9. Бүгінгі  тақырыпқа  сай мақалды  көрсет.

І. Жігіт  көркі –өнер.

ІІ.  Өнер алды – қызыл тіл.

ІІІ. Өнерліге өлім жоқ.

V. Қорытынды (бағалау).

VI. Үйге: эссе «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».

Приложения: