Сабақ "Тігінші мен ай", 3 сынып

Алтынбаева Г. Т., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі29 Октября, 2015 09:18

Модульдік тақырып: "Мультфильм көремін"

Сабақтың тақырыбы: «Тігінші мен ай» мультфильмі маған ұнайды

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: тақырыпқа қатысты сөздің мағынасы мен қолдану аясын түсіндіре келе мәтін құрауға үйрету.

Дамытушылық: Жаңа тақырып аясында берілген қысқа мәтіндер бойынша  жүмыс ақпараттық- танымдық қабілетін шындау

Тәрбиелік:  сипаттама мәтіндер арқылы оқушылардың бойында естетикалық сезімін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: қарапайым тілдлік үлгілер арқылы мультфильмнің балалар өміріндегі рөлін түсіндіреді, тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы ақпарат бере алады, сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп өзінің үнататын мультфильмдері туралы мәтін құрай алады

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап, « Шаттық шеңбері»  трентнгі, « Бағдаршам» тәсілі, сергіту сәті.

Сабақтың құрал-жабдықтары: оқулық – «Қазақ тілі Тілашар» Ф.Ш.Оразбаева,Ж.Т.Даулетбекова,

Р.С.Рахметова,А.Қ.Рауандина – Алматы:Көкжиек-Горизонт баспасы, 2015ж.

интерактивті тақта(слайд),тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар.

Сабақ  жоспары:

I.Ұйымдастыру  кезеңі

      II.Үй тапсырмасы

      III.Жаңа сабақ

      IV.Бекіту

      V. Қорытындау

      VI. Бағалау

      VIІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 слайд

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Көңіл-күйлерің қалай? (Интерактивті тақта-флипчарт)
  • Олай болса, балалар, мына тақтада берілген белгілердің ішінен қазіргі көңіл-күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.

Көңіл-күйім өте жақсы             Көңіл-күйім жақсы        Көңіл-күйім жоқ

2 слайд

        Күннің  көзі ашылып                                               

Құтты  шуақ  шашылсын

Құтты қонақ  келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой

Сәлеметсіздер ме!

Енді балалар шаттық шеңбер жасап , бір бірімізге жылы лебімізді білдірейік

  1.   Әрқашан  әдемі болайық!                       7. Аспанымыз ашық  болсын!
  2. Аналарымыз аман болсынІ                       8. Күніміз сәтті  өтсін!
  3. Күніміз жарық болсын!                             9. Деніміз сау болсын!
  4. Мектебіміз жайнай берсін!                        10. Әрқашан күліп жүрейік!
  5. Мұғалімдеріміз аман болсынІ                    11. Жарқырап жүрейік!
  6. Бес қойсын!                                            12. Бәріміз дос болайық!

Орнымызға   жайғасып,  сабағымызды  әрі қарай жалғастырайық.

  1. Жылдың қандай  мезгілі?
  2. Күз айларын ата
  3. Күзде күн қандай болды?
  4. Күзде қандай мерекелер бар?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап (сөздік, ереже, тақпақ,  өлең жаттау, деңгейлік тапсырмалар)

Оқушыларға үш түсті шеңберді тарату. (Қызыл,сары, жасыл)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе

2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру

3. Негізгі  бөлім

3- слайд. Жаңа сөздер. 

Сөздер  суретпен  беріледі

ерте ,ерте,ертеде-давным - давно        

тігінші– портной

кішкентай ай  - маленькая луна

үлкен ай – большая луна

көйлек-платье

тікті –сшил

ренжіді-обиделась

күн сайын – каждый день

Сөздік бойынша жұмыс.

 *мұғалім мәнерлеп оқиды;

 *оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап оқиды;

 *оқушылар тізбектеп оқиды;

 *сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырады.

4- слайд.Сөздер  мен сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырыңыздар.

 

ерте ,ерте,ертеде             тігінші            кішкентай ай                ренжіді

үлкен ай                        көйлек                 тікті                      күн сайын

5-слайд.Слайдтағы  мултьфильмдер  суреттерінің қайсысы  бүгінгі жаңа сөздерге сәйкес келеді?

6- слайд . Мультфильмді  көріп болған соң,  мына сұраққа жауап беріңіздер:                             

Мультфильм  не туралы?

 

Тігінші мен Ай

       Ерте, ерте, ертеде ақсақал өмір сүріпті.Ол тігінші болыпты. Бір күні аспаннан ай түсіп,тігінші ақсақалға көйлек тігіп беруін сұрайды.Ай кішкентай болды.Тігінші Айға көйлек тікті.Ай күн сайын үлкен болды.Ай көйлекті киді.Көйлек Айға кішкентай болды.

Ай ренжіді. «Тігінші мен ай» мультфильмі маған ұнады.

 Мәтін бойынша жұмыс

  1.Оқушыларға  мәтінді  өз бетінше оқып шығуға тапсырма беру.

  2.Мәтінді мәнерлеп тізбектеп оқып, аудару.

  3.Мәтіннен синоним сөздерді табу.

   4.Мәтіннен зат есім мен сын есімдерді табыңдар.

 7-слайд.. Сурет  бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

Ертеде кім өмір сүрді?                  (Ақсақал)

Ол кім болыпты?                          (Тігінші)

Аспаннан кім түседі?                    (Ай)

Ай қандай еді?                             (Кішкентай ай)

Тігінші кімге көйлек тікті?         (Кішкентай айға)

Ай күн сайын қандай болды?    (Үлкен ай  болды)

Көйлекті кім киді?                     (Ай киді)

Көйлек қандай болды?              (Кішкентай көйлек)

Ай не істеді?                              (Ай ренжіді)

Саған қандай мультфильм ұнады? (Ай мен тігіншінің суреті)

5-тапсырма. Жазылым. Сөздерді ретімен орналастыр. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Дәптермен жұмыс.

 Сергіту сәті. Көнілді күн.

7-тапсырма.  Сөйлемдердің дұрыс,  бұрыстығын  анықтаңыздар. Бұрыс.

      1.Бұл  «Шалқан » деп аталады.       

      2.Бүл ертегі шалқан туралы.

      3. Ертеде ақсақал өмір сүріпті

      4. Ол етікші болыпты.

      5. Бір күні аспаннан жұлдыз түсіп,тігінші ақсақалға көйлек тігіп беруін сұрайды.

      6. Ай кішкентай болды.

      7. Тігінші Айға етік тікті.

      8. Ай күн сайын үлкен болды.

      9. Ай көйлекті киді.

      10. Көйлек Жұлдызға үлкен болды.

      11. Ай қуанды.

      12. «Тігінші мен ай» мультфильмі маған ұнады.

 8-тапсырма. Сөйлемнің аяғын  екінші бағаннан тауып,  сәйкестендіру.

1.Ерте, ерте, ертеде ақсақал

2. Ол тігінші

3.Бір күні аспаннан ай түсіп,тігінші ақсақалға көйлек тігіп беруін

4. Ай кішкентай

5.Тігінші Айға көйлек

6.Ай күн сайын үлкен

7.Ай көйлекті

8.Көйлек Айға кішкентай

9.Ай «Тігінші мен ай» мультфильмі маған ұнады.

болыпты.

өмір сүріпті.

болды

сұрайды.

болды.

ренжіді.

киді

болды.

тікті

9-тапсырма «Ой шақыру».Сөздер мен сөз тіркестері бойынша ертегіні құрастырыңыздар.

Ерте ерте, ертеде

Бір күні аспаннан

 

Mультфильм маған ұнады.

Ай күн сайын

Ай

 

10-тапсырма  Мәтінді тыңдай отырып,қиылған мәтінді жинаңыздар.    

11 -тапсырма. Мультфильм туралы айтыңыздар.

Мультфильм қалай аталады?       Бұл мультфильм «Тігінші мен Ай» деп аталады.

Мультфильм не туралы?          Бұл мультфильм Тігінші мен Ай туралы. Бір күні  аспаннан ай түсіп,тігінші ақсақалға көйлек тігіп беруін сұрайды. Ай кішкентай болды.Тігінші Айға көйлек тікті.Ай күн сайын үлкен  болды.Ай көйлекті киді.Көйлек Айға кішкентай болды. Ай ренжіді. «Тігінші мен ай» мультфильмі маған ұнады.

Сабақты қорытындылау.

Сұрақтар қою арқылы сабақты қорыту.

Ертегі сіздерге ұнады ма?

Бағалау.

Рефлексия.Егер бүгінгі сабақты өте жақсы түсінсең, жасыл бағдаршамға, ал сабақты түсінсең, сарыға,сабақты түсінбесең қызыл бағдаршамға қойыңдар.

Сабақта көрсеткен білімдері мен белсенділіктерін ескере отырып бағалау.

Үйге тапсырма беру.

І,ІІ деңгей. Мәтін бойынша түсінік айту.

ІІІ деңгей.  Мәтінді оқу, аудару.