Сабақ "Жұлдызды қала – Астана"

Джумажанова Н. А., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 16 Октября, 2012 11:11

Сабақтың  тақырыбы: Жұлдызды қала – Астана.

Сабақтың мақсаты:  Астананың тарихы, ғимараттары, кешендері туралы алған білімдерін тиянақтау.

Білімділік: Іскерлік дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Туған жерінің, елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

                Оқыту:  тілдің қызметін жүйелі меңгерту.

                Дамыту:  өз бетімен ізденіп талпыну.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Өз халқының тарихын дәріптеуге баулу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Слайдтар.

  1. Бейнефильм.
  2. Сызбалар.
  3. Тапсырмалар.

Сабақ жоспары.

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

II.                Үй жұмысын сұрау.

  1. Сұрақ – жауап жұмыстары.
  2. Сәйкестікті табу.

III.             Астана қаласына саяхат.

  1. Астанаға байланысты қосымша сұрақтар.
  2. Сөзжұмбақты шешу.
  3. Астана қаласының елтаңбасы.
  4. Астана қаласының көрікті жерлері.

IV.              Жаңа тақырып. «Астанадағы ғажайып теңіз әлемі».

  1. Жаңа сөздермен танысу.
  2. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құру.
  3. Сөз тіркестерінен сөйлем жасау.

V.                 Океанариум туралы видиоролик көру.

1.  Сұрақ – жауап жұмыстары.

VI.                   «Астанадағы ғажайып теңіз әлемі».

  1. Мәтін мазмұнымен танысу.
  2. Мәтінмен жұмыс түрлері.

VII.                 Сабақты қорытындылау, бағаларды коментариялау.

VIII.               Үйге: Сөздік жаттау, «Океанариум кереметі» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

Сабақ барысы.

I.   Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

-   Бүгін ауа – райы қандай?

-   Бүгін аптаның қай күні?

-   Қандай ай?

Сабақ мазмұны.

II.   Үй жұмысын сұрау.

  1. Сұрақ – жауап жұмыстары.

Қазақстанның бұрынғы астаналарын еске түсіріп алайық.

Қазақстанның неше астанасы болды? Жылдарын, атын атаңдар.

Орынбор. (1920-1925)

Қызылорда. (1925-1929)

Алматы. (1929-1997)

-  Қазақстанның қазіргі астанасы қай қала?

III.  Астана қаласына саяхат.

  Балалар, біз бүгін жаңа әсем, үлкен қалаға саяхат жасаймыз. Қай қалаға саяхат жасайтынымызды анықтап алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық.

  1.  Сөзжұмбақты шешу.

А)  Қазақ халқының музыкалық аспабы.

Ә) Қазақстан Республикасы елбасы есімі.

Б)  Қазақтың тұңғыш ғарынкері.

В)  Қазақ халқының ұлы ақыны.

Г)  Ас атасы нан.

Ғ)  Қазақстан Республикасының рәмізі.

Д

О

М

Б

Ы

Р

А

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

Ұ

Р

С

Ұ

Л

Т

А

Н

 

 

 

Т

О

Қ

Т

А

Р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

Б

А

Й

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

А

Н

 

 

 

 

 

 

Е

Л

Т

А

Ң

Б

А

 

 

-          Сонымен, балалар, біз бүгін қай қалаға сахат жасаймыз?

-          Жауап.

-          Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін Астана қаласының тағы да бір керемет жеріне саяхат жасаймыз.

2.   Астанаға байланысты қосымша сұрақтар.

-  Балалар, Астана қаласының атауы қай тілден алынған? Ол нені білдіреді?

- Жауап.

3.  Астана қаласының елтаңбасы.

Интерактивті тақтадан бірнеше қаланың елтаңбалары көрсетіледі. Сол елтаңбалардың ішінен оқушы Астана қаласының елтаңбасын тауып, оның мағынасын түсіндіреді.

4.  Астана қаласының қаласының көрікті жерлері.

- Балалар,  астанамыздың көрікті жерлерін еске түсіріп алайық. Оқушылар астананың көрікті жерлерін айтады. «Астана – Бәйтерек», «Ақорда», «Президент саябағы», «Хан – Шатыр», «Қазақ елі монументі», т.б.

Интерактивті тақтада жұлдыз бейнелері. Әр бұрышы сандармекн (1,2,3,4,5) белгіленген. Әр санның астында Астананың көрікті жерлерінің суреті жасырынған. Оқушы шығады, санға басады, шыққан көріністі әңгімелейді.

IV.    Жаңа тақырып. «Астанадағы ғажайып теңіз әлемі».

1. Жаңа сөздермен танысу.

Оқыңдар. Есте сақтаңдар.

Қашықтық- дальность

Мендеушілер-обитатели

Деңгей- уровень

Ғажап-дивный

Жүйе-степень

Жабдықталған-снабженный

2. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құру.

3. Сөз тіркестерінен сөйлем жасау.

Сөз

Сөз тіркесі

Сөйлем

Қашықтық

 

 

Мендеушілер

 

 

Деңгей

 

 

Ғажап

 

 

Жабдықталған

 

 

V.  Океанариум туралы видиоролик көру.

         1.  Сұрақ – жауап жұмыстары.

          -  Балалар, бейнекөріністе не бейнеленген?

          -  Ол қайда орналасқан?

          -  Кім осы жерлерде болды?

    -  Ол қандай жер?

VI.  «Астанадағы ғажайып теңіз әлемі».

1.  Мәтін мазмұнымен танысу.

 Бұл теңіз әлемі «Думан ойын-сауық» кешенінде орналасқан. Ол Астанамыздың мақтанышы. Әлемде мұндай океанариумның 10-ы ғана бар: 6-Қытайда, 1-Чикагода, 2- КАнарда, енді Қазақстанда да бар. Бұл теңізден 3000 шақырым қашықтықта орналасқан жалғыз океанариум. Оған 3 млн. Литр су сияды, 3000 теңіз мекендеушілер мен 100-ден астам әлемнің әр жерінен әкелінген теңіз жәндіктері сияды.

Океанариум 12 аквариумы бар екі көрме залынан тұрады. Океанариум тіршілігі суды тазарту және қажетті деңгейде қамтмасыз ету ғажап жүйемен жабдықталған. Оған қажетті тұз Қызыл теңізден әкелінген. Ол үнемі тазартылып, бақылауда болады.

2.       Мәтінмен жұмыс түрлері.

- мәтінді оқу;

- мәтін мазмұнын 2 топқа бөліп беру;

-  1-топ. 5 сөйлем; 2- топ. 4 сөйлем;

-  мәтін мазмұнын орыс тіліне аудару.

3.  Мәтін негізінде сұрақ-жауап жұмыстары.

- Теңіз әлемі қайда орналасқан?

-  Әлемде мұндай океанариумдар қай елдерде бар?

-  Ол теңізден неше шақырым жерде орналасқан?

-  Океанариумға неше млн. литр су, теңіз мекендеушілер, теңіз жәндіктері сияды?

-  Океанариум неше залдан тұрады?

-  Океанариум немен жабдықталған?

-  Оған қажетті тұз қайдан әкелінеді?

4.  Мәтін азмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсету.

Әлемде мұндай океанариумның 10-ы ғана бар: 6-Қытайда, 1-Чикагода, 2- КАнарда, енді Қазақстанда да бар.

 

Оған қажетті тұз Қызыл теңізден әкелінген.

 

 

Океанариум 12 аквариумы бар екі көрме залынан тұрады.

 

Ол Астанамыздың мақтанышы.

 

Бұл теңізден 3000 шақырым қашықтықта орналасқан жалғыз океанариум.

 

 

 

Бұл теңіз әлемі Думан ойын-сауық кешенінде орналасқан.

 

5.  Көп нүктенің орнына тиісті жалқы есімдерді және сан есімдерді қойып шығыңдар.

Ол  .......   мақтанышы. Бұл теңіз әлемі  .........  кешенінде орналасқан. Океанариум  ... аквариумы бар .... ...  көрме залынан тұрады. Бұл теңізден .....   шақырым қашықтықта орналасқан жалғыз океанариум. Оған қажетті тұз  ......   .....  әкелінген.

VII.   Сабақты қорытындылау.

Мәтін мазмұнын түсіндіңдер ме? Тексерейік.

  1. Теңіз әлемі қайда орналасқан?
  2. Мұндай океанариум қайда бар?
  3. Океанариумда теңіздің қандай балықтары мен жәндіктері бар
  4. Океанариумда неше аквариум бар?

 Үйге: Сөздік жаттау, «Океанариум кереметі» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

VIII.  Бағаларды коментариялау.

IХ. Үйге: сөздік жаттау,  «Океанариум кереметі» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Приложения: