Сабақ "Менің сүйікті спортшым"

Тышкамбаева Н. С., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 8 Сентября, 2012 17:25

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым.

Сабақтың мақсаты:

  1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді әр түрлі қолданыста орынды қолдана білу.
  2. Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылары жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
  3. Еліміздің атақты спортшыларын үлгі, өнеге ету. Балаларды спортты, еңбекті сүюге баулу.

Көрнекілігі: Спортшыларға арналған слайдтар.

Сабақ барысы:

  1.           Ұйымдастыру
  2.           Үй жұысын тексеру.

1.Үйге берілген сөздерді тексеру.

2. І,ІІ,ІІІ топ 3 жақта сөйлемдерін оқиды. Берілген етістік сөздері: жаса, жүгір, айналыс, жақсы көр.

3. Өздерінің сүйікті спорты туралы әңгімелеу. Менің сүйікті спортым.

Спорт – денсаулыққа өте пайдалы. Сондықтан мен спортпен доспын. Мен шаңғы спортын жақсы көремін. Маған таза ауада спортпен шұғылдану өте ұнайды. Шаңғы спортына арнайы киім, көзілдірік және шаңғы керек.

4.Үй жұмысын қорыту.

5. Спорт тілшісі мен оқушылар арасындағы сұхбат

ІІІ. Жаңа сабақ: «Менің сүйікті спортшым»

1.Сөздік жұмысы

жанкүйер                                    –          болельщик

өз сөзінде тұру                –          сдержать слово

ант беру                           –          давать клятву

жеңу                                 –          победить

үміт                                  –          надежда

дарынды                          –          талантливый

сүйікті                             –          любимый

неге?                                –          почему?

мақтанышымыз              –          гордость

жаттықтырушы                          –          тренер

 

ә) маған             ..........

    дарынды       ..........

    үміт               ..........

    сөзінде        ..........

    ант               ..........

 

2.Сөз тіркесін құрау:

а) кімге?    ұнайды

    қандай?      спортшы

    не?             күтемін

    неде?          тұрды

    не?              берді

3.«Спортшы» сөзін

І. Жікте

ІІ. Тәуелде

ІІІ. Септе

 

Үлгі: Мен Қазақстан спортшыларынан үміт күтемін.

 

4. Сөйлемдер құрау.

5.Мәтінді оқу аудару, түсіну.

Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды.

      1998 жылғы Азия ойындарының, бірнеше Әлем чемпионаттарының жеңімпазы.

      Ермахан Ибраимовтың шәкірті Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз.

6.Мәтінді пайдаланып сұрақтар құру. Дұрыс жауапты таңдау. Жауабын жазу.

1)Ермахан Ибраимов кім ?

2)Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында қандай жүлде алды ?

3)Ол қай Азия ойындарының чемпионы болды ?

4)Чемионның алтын жүлделі шәкірті кім ?

7. Жауаптары:

1)      Ермахан Ибраимов боксшы.

2)      Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында алтын жүлде алды.

3)      Ол 1998 жылғы Азия ойындарының чемпионы болды.

4)      Чемпионның алтын жүлделі шәкірті Бақтияр Артаев.

8. А.Винокуровтың суреті бойынша сұрақ-жауап.

9.Мәтінді оқу. Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.

10. Жаңа сабақты бекіту

11. Бағалау:

12. Үй жұмысы:

  1. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған? Ақпарат жина.
  2. Қалада сен жақсы көретін спорт түрінен жарыс өтеді. Сен осы жарысты көру үшін не істейсің? (Жоспарыңды жаз)
  3. Өзіңнің сүйікті спортшың туралы айт.

Приложения:

Сабақ "Менің сүйікті спортшым"