Семинары-тренинги по программе IMPACT для учителей кафедры казахского языка в гимназии №40

Тильманбетова Р.К., учитель английского языка2 Декабря, 2015 10:43

Семинары-тренинги, проводимые учителем английского языка Тильманбетовой Р.К. по программе IMPACT для учителей кафедры казахского языка в гимназии №40  г. Тараз.

 №40 гимназиясының  қазақ  тілі  мұғалімдері  үшін  IMPACT  бағдарламасы       бойынша        жасалған    семинардың     жоспары.

          Қазан  айында  2010 жыл.

      Warm  Up  Activities. -  Қызығушылық  тудыратын  жаттығулар.

 Әр  сабақтың  жоспарын  жасағанда  қолданылатын алғашқы  қадамның бірі.

«Мұзды  бұзу» мен «қызығушылық тудыратын» жаттығулардың айырмашылығы неде?

«Қызығушылық тудыратын» жаттығулар - өзіндегі  бар  білімді  қолданып, жаңа тақырыппен танысуға  шақыру, оқушылардың қызығушылығын тудыру, бір- бірінен ұялып, қысылу сезімдерінен айырылуға  көмектесу, өткенді қайталау немесе тексеру, жаңа тақырыпқа дайындық және оны енгізу үшін қолданылатын  жаттығулар.

Бұл жаттығуларға  фонетикалық немесе  грамматикалық  тақырыптарды  хормен  қайталау  жатпайды. Әр сабақта осындай тақырыпқа сай 5минуттік бір ғана жаттығу керек. Тапсырмада  Неге? деген сұрақ қолданған дұрыс. Міндетіміз -  оқушылардың ойын тақырыпқа бұру, олардың осы тақырып бойынша не білетінін анықтау.

I.  «Әр елдің салты басқа, иттері қара, қасқа»  деп жатады. Сол айтқандай, пармен мына жаттығуды жасап көрейік: елдің аты мен салтты сәйкестіріңіз.

1. Голландия             а) қонаққа  дастарқан жайып, майлы ет тарту.

2. Индонезия          ә) тамақты жеп болған соң, қалдығын үстелдің үстіне не еденге тастау.

3. Ресей              б) қонақтар кейбір церемонияларда ұзақ уақыт бойына аяқтарын бүгіп отырады.

4. Индия                   в) ер кісілер мен әйелдер  беттерінен сүйіп амандасады.

5. Канада және АҚШ   г) келісетінін білдіру үшін адамдар бастарын шайқайды.                                                         

6. Оңтүстік Америка    ғ) бұл өңірдің адамдары «иә» дегенді қастарын көтеру арқылы білдіреді.

7. Қытай                   д) бұл елде есіктің табалдырығында тұрып зат бермейді не  амандаспайды.                                                         

8. Жапония           е) бұл елде  бір шыны кофе мен бір десерт беріледі, ал екінші шыныны сұрап алуға болады, содан соң ыдыс аяқ жиналады.

9. Қазақстан          ж) бұл өңірде тойда сусын құйылған  шыныны күміс қасықпен соғыстырады, онысы қалыңдық пен күйеу жігіт сүйіссін дегені.

Жауабы:  1-е  , 2 -ғ  , 3-д , 4- г, 5- ж, 6-в , 7-ә , 8-б , 9- а .

II.    Үш адамнан топ құрып, берілген таблицаны толтырыңыздар:

  Ауа райы

 Көңіл күйі

  Түс

 

 

 

III.   Үш адамнан топ құрып, берілген өлеңнің  шумақтарын  орнына қойыңыздар, мәтіндегі немесе  диалогтағы  сөйлемдерді орнына қойыңыздар және  тақырыбын табыңыздар.

IV.      Тұрақты  сөз  тіркестерін немесе мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.

1.     Мына   мақалдардың  мән- мағынасын түсіндір:

Жүз  сомың  болғанша, жүз  досың  болсын.

Отан - оттан да ыстық..

2.     Берілген  сөз  тіркестерінің мағынасын  аш:

Қабағынан қар  жауу

Ұнжырғасы  түсу

 V.       Екі  қаһарманның  атын  жазып, олардың  қандай қасиеттеріне  не  мінездеріне байланысты қаһарман деп атағанын жазыңыз. Жазылған қасиеттердің ішінен қайсысы қаһарманды дәл сипаттайды? (Приоритеты)

VI.    Белгілі бір тақырыпты  таңдап, соған сәйкес қызығушылық  тудыратын  жаттығулар  жазыңыз.

 Ice  Breakers. Warm Up  Activities. – Оқушылардың   өздерін  еркін  сезінуіне себеп болатын, психологиялық   жайлы  климат  туғызу  үшін  қолданылатын  сабақтың  ең  алғашқы сатылары.

  1. Сіздердің  араларыңызда  мен  білмейтін ұстаздар  бар  екен. Біз  қазір бір-бірімізбен танысамыз. Өздеріңіздің  есімдеріңізді  қағаздың  ортасына  жазып, әр  бұрышқа туған  жеріңізді, бітірген  оқу  оpнын - университетті, сүйікті  кітабыңызды, хоббиіңізді  жазып  қойыңыз.
  2. Бұл жаттығу  ағылшынша  Ice breakers  деп  аталады. Мағынасы мұзды  жару  не  бұзу. Бұл  жаттығу не үшін қолданылады?    (Бұл  бейтаныс оқушылардың  алғашқы сабақта  танысуына, ыңғайсыздық не қолайсыздықты жою үшін, бір-бірін жақсы  білуі үшін, нені жақсы көреді, нені жек көреді, көзқарасы  қандай,  пікірі  қандай, нені бағалайтынын білуге, сыныпта ұйымшылдықты  дамытуға, оқушылардың қазақ  тілі білімінің деңгейін білуге,  сыныпта  топпен  жұмыс  жасауға керекті жаттығу. ) Бірақ  бұл жаттығуды  қызығушылықты  тудыру үшін  қолданылатын  жаттығулармен шатастырмау керек. Бар болғаны 5 не 7 минутқа  созылады.
  3.  «Мұзды бұзудың»  қандай  түрлерін  білесіздер?
    1. атын жазып, сұрақ  қою арқылы танысу
    2. өздерінің аты  жазылған  қағазды  ауыстырып,  арқаға  жабыстырып,  бір бірінен  өзінің  кім  екенін білу
    3. біреудің аты  жазылған  қағазды  арқаға  жабыстырып,  бір бірінен кім  екенін білу
    4. алфавит бойынша қатарға  тұру
    5. доппен ойнап  аттарын  атау
    6. аты  қай  әріптен басталса, сол әріптен басталатын  сөзді  қосып  сөйлем  құрау

IV. Жұмысқа  жаңадан қабылданып, бірінші  күні шыққанда  бірін бірі танымайтын сыныпта  мына төменде көрсетілген жаттығуларды  жасауға  бола  ма?

  • Үй тапсырмасын беру           (сурет әкелу)
  • Әдеттегідей  оқулықпен  жұмыс   (керегі жоқ)
  • Оқушылар бағынатын ережелер ойластыру (қазақша сөйле, құрметте, ұялма,  сұрақ  қой)
  • өзіңіз туралы және оқушылардан нені күтетініңіз туралы  көп  қайталау (өзіңіз туралы аздап нені күтетініңіз туралы  көбірек  және  жиірек)
  • оқушыларды  бір-бірімен таныстыру +
  • оқу деңгейін білу үшін  тесттер алу (болады, бірақ  ауызша )
  • оқушыларды нені қызықтыратынын білу +
  • бір бірінен ұялып,  қысылып тұрса  да  топпен  жұмыс  жасау +
  • тек  қазақ тілінде  сөйлеу +

V. Жас  мамандар  үшін кейбір ақыл-кеңестер  бар: бөлмені, тақтаны дайындау, танысу үшін  қолданылатын шараларды алдын ала дайындап қою, көзбен тек бір не бірнеше оқушыға  ғана қарамай, сыныптың бәрін шолу,тақтаға қарап емес, оқушыларға қарап сөйлеу, көп сөйлейтіндерге ғана емес, бәріне көңіл бөлу, күлімдеп, кешігіп келгендерге көп ұрыспай, орнына отырғызу, білмей жатқандарға көмек көрсету, қателердің бәрін түземей, мақтауды көп қолдану керек, сабаққа кешікпей келіп, уақытында тәмәмдау керек.

  Практикалық жұмыс.       

I. Төмендегі  тәртіп бойынша  өзіңіз туралы  мәлімет жазыңыз және көршіңізге  сұрақ қойып, ол туралы да мәлімет  жинаңыз:

            есіміңіз -

            туған  жеріңіз -

            бітірген  оқу  оpныңыз – университет-

            сүйікті  кітабыңыз-

            хоббиіңіз- 

II.      «Мұзды бұзудың»  қандай  түрлерін  білесіздер?

III.     Жұмысқа  жаңадан қабылданып, бірінші  күні шыққанда  бірін бірі танымайтын сыныпта  мына төменде көрсетілген жаттығуларды  жасауға  бола  ма?

  1. үй тапсырмасын беру .          
  2. әдеттегідей  оқулықпен  жұмыс . 
  3. оқушылар бағынатын ережелер ойластыру .
  4. өзіңіз туралы және оқушылардан нені күтетініңіз туралы  көп  қайталау .
  5. оқушыларды  бір-бірімен таныстыру .
  6. оқу деңгейін білу үшін  тесттер алу .
  7. оқушыларды нені қызықтыратынын білу .
  8. бір - бірінен ұялып,  қысылып тұрса  да,  топпен  жұмыс  жасау .
  9. тек  қазақ тілінде  сөйлеу .

IV.  «Мұзды  бұзу» мен «қызығушылық тудыратын» жаттығулардың айырмашылығы неде?

V. Қызығушылық тудыратын  жаттығудың  түрлерін атаңыз.

VI.   Белгілі бір тақырыпты  таңдап, соған сәйкес қызығушылық  тудыратын  жаттығулар  жазыңыз.

Приложения: